Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Мәйекті 9086 0 пікір 1 Қаңтар, 2016 сағат 11:55

ЖАҢА ЖЫЛ ЖӘНЕ ДІН

Жаңа жыл әрі тарихи әрі жаңа мереке. Жаңа жылдың неге бұндай мереке екендігін төменде тарқатып көрмекпіз.

Соңғы кездерде діни мерекелерден тыс мерекелерді Халал және Харам деп бөлу үрдісі пайда болды. Әсіресе, уахабилік бағыттағы және салафиттік бағыттағы діни секталардың және олардың мүриттерінің көбеюі қоғамға үрей туғызып отыр. Қит етсе, «ширік» немесе «бидғат» деп шығатын секта фанаттарының көзқарасы мен тоңмойындығы қоғамға алаңдаушылық әкелді. Тіптен, Мүфтияттың пәтуаларына да пысқырып қарамайтын, ұстаздары мен «браттарының» айтқанын АҚИҚАТ ретінде танитын фанаттар  тобы қапатап барады.

Олар (уахабистер мен салафиттер) үшін дін мүлде басқа. Олардың сөзімен айтқанда: «Қазақтар ата-бабаларынан бері адасып жүр. «Аруақ қолдасын» деп айту – «Таспен атып өлтірілетін күнә».

Құдай-ау, ағайындар! Дін – саясат емес, тазалық! Ол жүректің тазалғы – ниеттің тазалығы. Ал амал соның бір бөлшегі. Өкінішке орай олар үшін (ат төбеліндей дін атын жамылған топтар үшін) амал ниеттен  бұрын тұрады. Негізі ниет амалдан бұрын тұруы керек ғой.

Шынын қуғанда Жаңа жыл тарихи мереке. Оны мұсұлмандар өз деңгейінде мұсұлманша тойласа жетіп жатыр. Маңыздысы оның қандай мереке екендігінде емес, қалай тойлайтыныңызға байланысты болса керек.

Біріншіден, ғылми жақтан алғанда 21-22 желтоқсан – ТОҚЫРАУ күі. Бұл кезде ең қысқа күн өтіп, сосын күннің шығу уақыты ұзара бастайды. Ал, Тоқырау күні түркі халықтарында аталып өтіп отырған. Түркілер бұл күнді жарықтың қараңғыны жеңуі ретінде тойлаған болуы бек мүмкін.

Екіншіден,  ежелгі түркілер далада үлкен ОТ жағып, сол жылы отты қоралана отырып жақсы тілектер айтуы заңды құбылыс. Оттың маздап жануы үшін оған май салу да түсінікті жағдай. Бұл жерде ешқандай отқа табыну мен оны Құдай санау амалы көрініп тұрған жоқ. Түркілер «Тәңір (Алла Тағала) бар әрі жалғыз, Ол – аспанда» деп сенгенді әрі қазіргі адамзат қоғамынан да жоғары деңгейдегі парасат пен пайымға, рухани түйсікке сүйеніп өмір сүрді.

Үшіншіден, түркілердің Тәңірге табынғаны шын, ол Тәңірі – бір ғана Алла- тағала болатын. Ал оның тонын теріс айналдырып тарих етіп жазу – Орыс отаршылдарының саяси мақсатына құрылған тұзақ болатын.

Төртіншіден, «патшанікі – уәжіп». Мемлекет белгілеген мерекені мерекелеу, туыс-туған, әке-шешесіне силық жасап, қуанту – сауапқа толы іс. Бұның Құранда да жазылғаны ақиқат.

Бесіншіден, кез келген мерекені тойлауда: мейлі діни мереке болсын оны қалай тойлау әр адамның өзіне байланысты. Мұсұлманша тойласа ешкім қарсы емес. Ал арақ-шарапты суша ағызып, ар-ұждандарын төксе, басқа затқа «Құдай – осы» деп табынса, онда ондай адамдар қандай  мерекеге болсын  лайықты емес. Бұл жерде тек ниет пен амал дұрыс болса болды. Барлық мерекені өз қажетіне қарай тойлауға болады.

Алтыншыдан, Алла-тағалаға тілек тілеп, дұға жасау, Пайғамбардан шапағат тілеу, Аруақтарға арнап нәзір-шырақ беріп, разылығын дәмету – дұрыс ниетке құрылған дұрыс амал! Оны «Аллаға серік қосты» деп санау – дінді бұзып, адамдардың сенімдеріне қылау түсіру немесе береке-бірілігін бүлдіру үшін жасалған қастандық деп түсіну керек.

Жетіншіден, «Алһамді» білгеннің бәрі молла болып, уағыз айту – барып тұрған топастық, дүмшелік. Парасаты мен паймы, сәуясы мен қабілеті жеткен мүмин ғана имам болуға, уағыз айтуға құқылы. Мүфтиәттің пәтуасын тыңдамай, «тек өздерінікін дұрыс санайтын» дін атын жамылған топтар адам үшін де қоғам үшін де жегі құрт, қаскөй саясаттың құлдары. Олардан сақтану және оларға қарсы тұру – әр азаматтың борышы!

Сөз соңында сіздерді бүгінгі жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Тәңір әрбір жақсы тілектеріңізді қабыл етсін! Бастарыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын! Елміз тыныш, балаларымыздың болашағы нұрлы болсын! Пайғамбардың шапағаты тисін, ата-баба аруағы риза болсын!

Бейсен Ахметұлы  

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5840