Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4811 0 пікір 30 Желтоқсан, 2015 сағат 11:34

КАЗКОММЕРЦБАНКТІҢ БАҚЫЛАУ ПАКЕТІ РАҚЫШЕВТІҢ ҚОЛЫНА ӨТТІ

Казкоммерцбанк Кеңес Рақышевтің банк акцияларының ең ірі иесі атанғанын хабарлады.

Казкоммерцбанк таратқан баспасөз мәлімдемесінде Рақышевтің Казкоммерцбанктің жай акцияларының 28,08 пайызы тиесілі Alnar Capital Holding компаниясын сатып алғаны туралы жарияланды.

Казкоммерцбанктің айналымға шығарылған акцияларының Рақышевтің иелігіндегі үлесі 56,75 пайызға жетті. Тамыз айында Казкоммерцбанктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Нұржан Сұбханбердин өзіне тиесілі банктің қарапайым акцияларының 2,82 пайызын «БТА банкпен бірігу аясында» банктің өзге ірі акционері Кеңес Рақышевке сатқан болатын.

2013жылы Рақышев 2009 жылдың ақпанына дейін Қазақстан билігін сынаушы Мұхтар Әблязовқа тиесілі болған БТА банкінің директорлар кеңесінің төрағасы боп тағайындалды. Мұхтар Әблязов қазір Франция түрмесінде отыр. Сот шешімімен ол Ресей тарабына берілуі мүмкін, Әблязовтың өзі қылмыстық айыптауларды оппозициялық белсенділігі үшін Қазақстан билігінің өзінен кек алуы деп санайды.

Abai.kz         

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290