Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5361 0 пікір 30 Желтоқсан, 2015 сағат 11:24

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ҰЛТТЫҚ ГВАРДИЯ САРБАЗЫ ТҰТҚЫНДАЛДЫ

Қырғызстанда өзінің екі әріптесіне оқ атқан Ұлттық гвардия сарбазы Аскар Мейкин уулу тұтқынға алынды. Бұл жөнінде Азаттыққа Бас прокуратура өкілі Нұрлан Тағаев хабарлады.

28 желтоқсанда №714 әскери бөлімнің күзетінде тұрған сарбаз екі қызметтесін атқан. Біреуі қаза тауып, екіншісі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған. Аталған оқиға бойынша, әскери прокуратура қылмыстық іс қозғаған.

«Адам өлтіру», «Қызметін асыра пайдалану», «Немқұрайдылық» баптары бойынша іс қозғалды. Тергеу тобы құрылып, тексеру басталды», - деді Тағаев. 

Ұлттық гвардияның тәрбие ісі бойынша басқарма басшысы Таалай Мырзабаевтың сөздерінше, оқиға таңғы сағат төрттердің кезінде болған.

«№714 әскери бөлімнің сержанттары қаруланған жауынгерге шабуыл жасаған. Ол оқ атуға мәжбүр болған. Нәтижесінде сержант Азамат уулу Асылбек 4-ауруханада көз жұмды. Екінші сержантқа операция жасалынып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр»,- деп хабарлады Мырзабаев

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2427
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 647
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629