АҚШ РАМАДИДЕГІ ИРАК ӘСКЕРЛЕРІН ҚОЛДАДЫ
Құрама Штаттар Рамади қаласын азат еткен ирак әскерлеріне қолдау көрсетті. Дүйсенбі күні Ирак билігі қаланы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік топтың көтерілісшілерінен азат еткендіктерін жариялаған болатын.
АҚШ-тың қорғаныс министрі Эштон Картер ирак әскерлерінің ИМ-ді ығыстыруы аталған топпен күрестегі айтарлықтай алға басушылық деп атады. Ол Ирак үкіметін Рамадида бейбітшілікті сақтауға шақырып, ИМ көтерілісшілерінің қайта кіруін алдын алып, тұрғындардың қалаға оралуына мүмкіндік жасау керек деді.
Халқының көп бөлігін мұсылман-сүнниттер құрайтын Рамади қаласын өтіп бара жатқан жылдың мамыр айында ИМ содырлары басып алған болатын. «Рамади қаласы азат етілді, – деп жариялады дүйсенбі күні ирак әскерінің өкілі, генерал Яхья Расул мемлекеттік телеарнадан.
Алайда провинциядағы әскери операцияның басшысы Анбар Исмаил әл-Малави қаланың кейбір бөліктері әлі де содырлардың бақылауында деген қаупін білдірген болатын. Ол Associated Press агенттігіне әскер тек үкімет үйін басып кірді, қаланың басқа бөліктері әлі де көтерілісшілердің қолында деген болатын.
Abai.kz