Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5584 0 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 09:34

ТӘЛІПТЕР "ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ОРЫС ШЕНЕУНІГІМЕН" КЕЗДЕСТІ

Ауғанстандағы дереккөздер құпия түрде Радио Озодиға Кветта Кеңесі мүшесінің («Талибан» қозғалысы басшылығындағы лауазымы жоғары шен) жоғары мәртебелі ресейлік шенеунікпен кездескенін хабарлады.

Ресейлік шенеунікпен Мулло Мансурдың кездесуі мүмкін екендігі айтылғанымен, дереккөзге ресейлік тараптан қатысқан адамның кім екендігі белгісіз.

Британдық «The Sunday Times» басылымы желтоқсанның 27-де тәліптердің командирлерінің біріне сүйене отырып, Ресей президенті Владимир Путиннің «Талибан» қозғалысының қазіргі басшысы Мулло Ахтар Мансурмен кездескенін жазған еді. Басылымның ақпарат көзінің дерегінше, Путин мен Мансур ресейліктердің көтерілісшілерге қолдау көрсету мәселесін талқылаған. Бұл кездесудің қыркүйек айында Тәжікстан аумағындағы ресейлік әскери базаның аумағында өткені хабарланды.

Кремль мен «Талибан»  ресми түрде бұл ақапартты жоққа шығарады. Путин қыркүйектің 15-16-да Тәжікстанда жұмыс сапарымен болды.

Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Игорь Лякин-Фролов желтоқсанның 28-де, тәліптер арасында Ресеймен келіссөз жүргізуге құлықты топтың бар екенін айтқан болатын. Бұған дейін тәліптер РФ президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі Замир Кабуловтың Ресейдің тәліптермен байланысқаны туралы мәлімдемесін жоққа шығарған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290