ҚАРЫЗ АЛ, ҰЯЛМА, ҰЛ-ҚЫЗЫҢ ТӨЛЕЙДІ
Ұлттық Қорда қыруар қаржы тұрғанда бюджеттің жыртығын жамау үшін Азия банкінен бір миллиард доллар қарыз алдық...
Келешек – қиялда,
Берешек көбейді!
Қарыз ал! Ұялма!
Ұл-қызың төлейді!
Жаның тіл ұшында,
Бітеме көмейді!
Қарыз ал! Қысылма!
Немерең төлейді!
Жат жұртты дана гөр,
Жарылқа өгейді.
Қарыз ал! Ала бер!
Шөберең төлейді!
Ұрпағың – келерің,
Жүр қарыз арқалап.
Төлейді төлерін...
Жақсылап қарғап ап!
Әміржан Қосанов
Facebook-тегі парақшасынан