Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
46 - сөз 4539 0 пікір 20 Желтоқсан, 2015 сағат 14:34

БІЗДІҢ ТАРИХ БІР АДАМННАН ТҰРМАЙДЫ

Желіде бір сөз жазып батыр атанғандар көбейді... Мен үшін нағыз батыр Хасен Қожа-Ахмет... 1970 жылдары Кеңес Одағының отаршыл саясатына қарсы бірнеше материал жазып, 7 жылға сотталды... КСРО тарамай тұрып, Ленин ескерткішін қиратқан да осы кісі... Осындай болашақта аты аңызға айналатын талай адамдар дін аман жүр арамызда... Өз аузынан талай дүниені жазып алуға болады.. Мықты деректі фильмдер түсіруге болады... Әттең... Қолымда техникам болса, бүкіл тұлғаларды шетінен жапырлатып жазып-түсіріп алушы едім... Ертең өкініп қалмас үшін... Отандық арналардың басшысы болса сұқбат беріп отыр:" Үнді фильмінің бір сериясы 350 доллар, қазақтың он шақты сериалына 25 мың доллар кетеді. Үнді фильмі рейтинг әкеледі. Рейтингке бағыныштымыз",- деп... Үнді сериялының бір бөлімі 350 $ болғанымен, жылдап көреміз ғой, қарақтарым-ау... Анау Анандидің ұлттық арнадан тамашалағанымызға 2-3 жылдың шамасы болып қалды... Сол 2-3 жылда қанша қаржы кетті жылауық құр қиқуға? Өзгенің мәдениетіне үлес қосқан қайран теңгелерім-ай... Отандық сериалдарыңның шама-шарқын көрдік. Шикі... Сосын кім көреді ондай дүниелеріңді... Сапалы дүниелер жоқ емес, бірақ, аз! Мағжан Жұмабаев, Қаныш Сәтпаев, Дінмұхаммед Қонаев, Жұмекең мен Мұқағали, Шоқан, Ахмет Байтұрсынов, Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Құдай-ау,түсірем деген адамға толып жатыр ғой қазақта небір тарихи тұлғалар! Соларды неге сериал қып түсірмейсіңдер? Тірі жүрген тұлғалар қаншама? Өмірі аңызға айналған Роза Бағланова, Фариза, Әбіш, Қадыр, Тұманбайлар қайда? 24 жылда қаншама игі жақсымыз кетті арамыздан. Қайтыс болған кезде ғана эфирлік жаңалықтан беру үшін шарқ ұрып бейнетаспаны іздейміз. Кей тұлғаларымыздың 2-3 қана кадры сақталған! Болашақтан ұят емес пе?! Олжас Сүлейменов пен Мұқтар Шахановтың, өзге де асылдарымыздың өмір жолдарын қамтитын дүние қайда?! Деректі фильмдер бар ма? Ех...
Бір ғана адамды айналдырып түсіре бергенді білесіңдер... Біздің тарих бір адамнан тұрмайды ғой...Бір кем дүние...

Дина Төлекованың Facebook-тегі парақшасынан алынды

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6194