Жұма, 2 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3422 0 пікір 18 Желтоқсан, 2015 сағат 09:10

АҚШ ПЕН РЕСЕЙ БҰҰ-НЫҢ ИМ БОЙЫНША ҚАРАРЫН БІРГЕ ДАЙЫНДАУДА

АҚШ пен Ресей «Ислам мемлекеті» тобының қаржы көздеріне қысымды күшейтуді көздейтін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа қарарының жобасын әзірлеуде.

АҚШ терроризм мәселелері және қаржылық барлау жөніндегі вице-министрінің міндетін атқарушы Адама Шубиннің сөзінше, бұл құжат террорлық істерді қаржыландыруды «түпкілікті түрде заңсыз» етеді, ал оның негізі ретінде, 2001 жылы қыркүйектің 11-дегі шабуылдан кейін «Аль-Каида» террорлық ұйымына қарсы қабылданған қарар алынады.

Шубин Сирия мен Ирактың көп бөлігін бақылап отырған ИМ мұнай мен газ сатудан жылына 400 миллион долларға жуық табыс табатынын хабарлады. 

Оның айтуынша, террорлық топтың бас қолбасшыларының біріне қарсы мамыр айында өткен рейд нәтижесінде, АҚШ әуе күштері мұнай және газ нысандарын дәл нысанаға алуға мүмкіндік алған. Бірінші кезекте мұнай ұңғымаларына, жанармай тасу шы көліктерге және шағын мұнай өңдеуші зауыттарға әуеден соққы жасалуда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 155
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 169
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 161