Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4965 0 пікір 15 Желтоқсан, 2015 сағат 10:43

ҰЯЛҒАНЫМ-АЙ!

Жаман машинамның моторын қыздырып әкімдік ғимаратының алдында отырғанмын ғой. Әкімдіктен әдемі бір келіншек шықты.

Ажары мен аяғы бірден көз баурайды екен. Текпешектен түскенде биік өкшелі туфлиі сәл майысып, келіншек қиналғандай болды. Содан аяғын санап басып менің тұсымнан өте бергенде көлігімнің терезесін ептеп түсіріп: «Қарындас, былай қарай жүрсеңіз, ала кетейін...» деп сұқ саусағыммен жүретін жолымды нұсқадым. Жолымыз бір жақта болса ала кетейін деген жанашырлық қой менікі... Келіншек күлгендей болды. Сөйтті де тура менің көлігімнің артында тұрған «Ренджовер» джипінің руліне отырды да, ышқынып кетіп қалды. 
Жаман көлігімнің ішінде отырып өзімнен-өзім ұялғаным-ай...

Оралхан Дәуіт

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499