Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4259 0 пікір 15 Желтоқсан, 2015 сағат 10:17

ҚОС АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚТЫҒЫН ДӘЛЕЛДЕП МАНДАТҚА ИЕ БОЛДЫ

«Республика-Ата-Журт» фракциясының мүшесі Жырғалбек Саматовқа бүгін Жогорку Кенеш депутатының мандаты тапсырылды.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Рашид Бекбасаров хабарлады.

Оның сөзінше, Саматов Болотбек Ибраимжановтың орнына парламент депутаты болды.

Бұған дейін, Бішкек қаласының Первомай аудандық соты Орталық сайлау комиссиясына Жырғалбек Саматовтың мандат алуға құқығы туралы талабын қарауды міндеттеген еді. Бұдан бөлек, Жоғарғы сот депутаттыққа үміткер Ресей азаматы емес деген шешім шығарды, мұны Ресейдің ФМҚ жолданған сұрау салуға қайтарылған жауап дәлелдеген.

Бұған дейін, ОСК мүшелері ҚР ЖС талабын орындаудан бас тартып келген еді. Олар Жырғалбек Саматовтан Ресей азаматы еместігін растайтын анықтама алу үшін жолдаған өтінішінің көшірмесін талап еткен болатын.

Қос азаматтық туралы даудың кесірінен ол кезінде депутатқа үміткерлер тізімінен сызылып тасталған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504