Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2630 0 пікір 16 Маусым, 2010 сағат 18:14

Қазақстанның шекара қызметі Қырғызстанның ұлты өзбек азаматтарын өткізбей жатыр деген ақпаратты теріске шығарады

Астана. 16 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан ҰҚК шекара қызметі Қырғызстанның ұлты өзбек азаматтарын шекараданөткізбей жатыр деген ақпаратты теріске шығарады.

«Бірқатар БАҚ-тарда Қырғыз шекара қызметіне сілтемеленген қазақстандық шекарашылардың ұлты өзбек азаматтарын шекарадан өткізбей жатыр деген ақпарат жарияланды. Осыған байланысты бұл жарияланымдар шындыққа жанаспайтындығын ресми мәлімдейміз», - делінген шекара қызметінің сәрсенбі күні таратқан мәлімдемесінде.

ҚР шекара қызметі  көрші елдегі тұрақсыздыққа байланысты жоспарлы түрде шекараны күшейту жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп атап көрсетеді.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның құқық қорғау және шекара қызметі Қырғызстанның 250 азаматына отанына оралуына жағдай жасады. 15-ші маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы Үкібай-ата кентінде Қонысбаева кеден бекетінде Қырғызстанның 254 азаматы болған. Олардың 124-і алдын Қырғызстаннан , ал 130-ы  Ресейден келген.

«Олардың барлығы тұрақты мекені Қырғызстанның Ош облысына заңды түрде шекараны Өзбекстаннан өтуге аттанды. Бірақ өзбекстанның кеден қызметтері оларды жібермей қойды. Аталған азаматтардың отанына оралу шараларын кеден қызметі мен ҚР ҰҚК шекара қызметтері Қордай кеден бекеті арқылы еліне оралуына жағдай жасады», - деп сәрсенбі күні ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Ол Қызрығзстан азаматтарының арасында әйеледер мен балалар болғанын айтады.

«16-шы маусымда таңғы 5-те үш автобус пен 9 жеңіл көлік, 23 ықшамавтобустан тұратын, ішінде Қырғызстанның 254 азаматы бар колонна Қордай бекетінен, одан кейін шекарадан өткізіліп жіберілді», - деді Қ. Жұманов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407