Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 3883 0 пікір 8 Желтоқсан, 2015 сағат 13:21

Б.ӘБДІШЕВ ТЕРГЕУШІЛЕРДІ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ СҰРАДЫ

«Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов ісіне» қатысты үш эпизод бойынша айыпталып отырған Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының бұрынғы басшысы Бауыржан Әбдішев соттан тергеуге қатысты жеке қаулы шығаруын сұрады.

Ол істе әділ тексеру болмай, бұрмалаушылық орын алды деп есептейді.

15 ай бойында тергеу изоляторында отырған Әбдішев айыптаулардың барлығы екі арызданушының негізінде ойдан, өсектен және болжамдардан құрылған деп мәлімдеді.

Ол сонымен бірге жарыссөз барысында ешкімге залал келтірмегенін, Қарағанды әкімдігінің азаматтық іс бойынша арыздануға құқығы жоқ екенін, себебі заңды тұлға болып есептелмейтінін айтты.

Істің басты айыпталушысы — бұрынғы Қарағанды облысының әкімі, бұрынғы қорғаныс министрі және премьер-министр Серік Ахметов. Ол пара алды деп айыпталып, 2014 жылдың қараша айынан бері үйқамақта отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 391
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 403
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 636