Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3967 0 пікір 7 Желтоқсан, 2015 сағат 16:55

САЙРАМДА "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ӨТТІ

Сайрам ауданындағы Бабыр атындағы жалпы орта мектептің акт залында тарифті және тарифті емес сметалардың жобасын талқылаудың жария тыңдауы өтті.

Оған ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ш.Үсенов, аудан әкімінің орынбасары Е.Шәріпбеков, тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Б.Полатов, мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Ы.Құрбанов, «Сайрам тазалық» ЖШС-нің директоры М.Оразбаев қатысты. М.Оразбаев тарифті қараудың ашықтығын және  жариялығын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыларды тариф жобасымен, тарифтік сметадағы барлық баптармен  қарастырылған шығындармен таныстырылды. Жиын барысында тұрғындардың ой-пікірлері тыңдалды. Сондай-ақ, ауыз судың сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ бүгін Сайрам ауданына қарасты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында партияның аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжілісте Сайрам ауданы бойынша «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ү.Сербаев, «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыру бойынша фракция жанынан құрылған комиссия басшысы М.Сиддиков хабарлама жасады. Кеңейтілген мәжілісте «Манкент» шипажайы және «Теміртас» бастауыш партия ұйымдарын құру туралы мәселе қаралды.

Сонымен қатар, бүгін Сайрам ауданына қарасты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында азаматтардың бірыңғай «ашық есік күні» өтті. Көмекке мұқтаж жандардың мәселесін тыңдауға аудандық прокуратура мен сот өкілдері, ішкі істер басқармасының қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары қатысты. Өтініш, мұңын айтуға келгендердің көбісі жұмысқа орналасу, тұрғын үй салуға жер учаскесі туралы өтініштерін білдірді. Сонымен қатар алимент өндіре алмай жүргендерде өз проблемалық мәселелерінің шешу жолдарына көмек сұрады. Мәселенің мәнісіне қаныққан мемлекеттік қызмсеткерлер қабылдауға келген 18 азаматтың өтініштеріне көмектесу үшін тиісті орындарға хат жолданғанын айтты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435