Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5442 0 пікір 17 Мамыр, 2016 сағат 18:15

РҮСТЕМ, «ҚАЗАҚ ЕЛІН» ҚАШАН КӨРЕМІЗ?

Былтыр жұрт болып жұмылып, «Қазақ Хандығының 550 жылдығын» атап өттік. 2014 жылдың аяқ шенінде Мемлекет басшысы 550 жылдықты Мемлекет көлемінде тойлауды айтқанда, Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлы пәрмен беріп, белгілі режиссер Рүстем Әбдірәшовке  «Қазақ елі» деп аталатын көп сериялы кино-эпопея түсіруді тапсырған еді.

Әуелде тарихи кино-эпопея көп сериялы болғанымен, кейін қатал ағайлар қаражатты қыса-қыса, ақырында 18 серия түсірілетін болды. Әу дегенде фильм 2015 жылы көрермен назарына ұсынылуы керек-тін. Өкінішке орай, белгілі-белгісіз себептері бар, сарыла күткен сериялымыз биыл да дайын болмай шықты. 

"Қазақ елі" неге кешігіп жатыр, бір сұрап біліп қояйықшы деп фильмнің режиссері  Рүстем Жарасқанұлына хабарластық.

-Рүстем Жарасқынұлы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған (2015 жылы өтіп кетседе) «Қазақ елі» фильміне қатысты біздің бірер сауалымыз бар еді.

-Жақсы, тыңдап тұрмын.

-Фильмнің трейлерін көрдік. Жақсы. Енді фильмнің өзін қашан көреміз? Хандықтың тойына арнап түсірілуі тиіс фильм туралы ешкім-ештеңе демейді ғой. Соған қарағанда...

-Фильм түсіріліп болды. Қазір мен монтажда отырмын. Фильм монтаждалып болған соң, көрерменге ұсынылатын болады.

-Нешінші серияны монтаждап отырсыздар?

-Мен енді ол жағын айта алмаймын ғой. Жалпы фильмнің 10 сериясы түсіріліп бітті. Біз барлық серияны параллельді монтаждаймыз.  Оның үстіне «Қазақфильмнің» декорацияларының жеткізіліксіздігіне байланысты жаңағы 10 серияның ішінде кейбір детальдары түсіріліп біткен жоқ. Оларды түсіру керек әлі. Жұмысы көп оның.

-Сонда фильм қашан дайын болады?

-Егер ақша бөлініп, қаржылық қолдау табылатын болса, осы жылдың аяғына таман бітіреміз. Қазірдің өзінде бізге ақша бермесе де, жұмыс жасап жатырмыз ғой. Ал егер қолдау болып жатса, әрине, ертерек бітіреміз.

Айсұлу Тұрсынбаева

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478