Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3602 0 пікір 17 Мамыр, 2016 сағат 12:04

СУРЕТКЕ ХИДЖАПСЫЗ ТҮСКЕН ӘЙЕЛДЕР ТҰТҚЫНДАЛУДА

Иран билігі хиджабсыз суретке түскен бикештердің суреттерін әлеуметтік желілерге жариялады деп сегіз адамды күдікті ретінде тұтқындады.

Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, Instagram желісін пайдаланған 170 адам анықталған. Олардың ішінде 58 модель, 51 киім дизайнері, 59 фотограф және визажист Иранның дәстүрін бұзбақ болды деп айыпталуда.

29 адамға қарсы қылмыстық іс қозғалған. Полиция оларды негізгі менеджерлер әрі желіге қатысушылар деп отыр. Репортажда бір әйелдің ақша үшін хиджапсыз суретке түсіп, желіге жариялағанын мойындағанын көрсеткен. Оған әзірге қандай айып тағылғаны белгісіз.

Өткен аптада Иранның жоғарғы лидері аятолла Али Хаменеи интернет – "күрес алаңы", онда діни қызметкерлер мен студенттер "қате идеялармен күресу керек" деп мәлімдеген.
Абай-ақпарат
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480