Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3460 0 пікір 17 Мамыр, 2016 сағат 11:37

ҚЫРҒЫЗСТАН. БҮГІН "ХАЛЫҚТЫҚ ПАРЛАМЕНТ" МИТИНГ ӨТКІЗЕДІ

"Халықтық парламент" қоғамдық бірлестігі бүгін, яғни 17 мамырда Бішкекте митинг өткізбекші. Бұл жөнінде ұйымдастырушылардың бірі Расул Умбеталиев мәлімдеді.

"Халықтық парламент" бір ай бұрын құрылған. Алайда өткен аптада оның лидерлері Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті тарабынан ұсталды. Оларға билікті күшпен тартып алмақ болды деген айыптар тағылды.

Бұның алдында, бірінші мамырда  Бішкек қаласының әкімдігі "Ала-Тоо" алаңында митинг өткізуге рұқсат бермеген.

"Халықтық парламент" өкілдері митингке 50 мыңға жуық адам қатысады деп отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129