Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Билік 4135 0 пікір 10 Мамыр, 2016 сағат 19:04

"ПӘКІСТАННЫҢ САУДА КЕРУЕНІ" АТТЫ КӨРМЕСІ ШАҚЫРАДЫ (видео)

;feature" type="application/x-shockwave-flash">;feature" />
           

«Пакистанның Сауда Керуені» - Қазақстан мен Пакистанның сауда-экономикалық қарым-қатынасы тарихындағы бірінші сауда көрмесі. Пакистанның премьер-министрі Н.Шарифтің Қазақстанға келген 2015 ж. іс-сапарында мемлекеттер арасында экономикалық ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында бірнеше келісімдерге қол қойылған болатын. Осы көрмені ұйымдастыру сол келіссөздердің нәтижесі болып отыр. Сондай-ақ бұл мықты сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуынына жол ашады.

           Қазақстан мен Пакистанды тарихи қалыптасқан достық және мәдени қатынастар байланыстырды, бұл екі жақты ынтымақтастықты барлық деңгейде дамытуға жақсы ықпал етеді. Екі ел аймақтық және халықаралық мәселелерге байланысты ортақ көз қарасты ұстанады, және көп жақты форумдарда, соның ішінде БҰҰ(ООН), ШЫҰ(ШОС), ЭЫҰ(ОЭС) және мұнай өндірісі істерінің Комиссиясы аумағында, бірге қызмет етуде. Қытай-Пакистандық Экономикалық Дәліздің іске қосылуымен (КПЭК), және Пакистанның ДСҰ(ВТО)-ның Сауда Процедурасын жеңілдетуіне қосылуына байланыты, экономикалық қатынастардың дамуы үлкен потенциалға ие.

         «Пакистанның Сауда Керуені» көрмесін ұйымдастыру мемлекеттер арасындағы тығыз және берік серіктестікті орнатуға себептес болады. Көрме «Жаңалықтарға толы саяхат» деген лозунгмен жайда жай өтпейді, өйткені ол Пакистанды және оның өнімдерін қазақстандың нарыққа жаңа қырынан аша түседі. Көрмеде тоқыма және былғары өнімдер, фармацетикалық дәрілер мен медициналық құралдар, жиһаз және қолөнерлік заттар, азық-түлік және ауыл-шаруашылық өнімдер ұсынылады. Көрменің бірінші және екінші күнінде 50 пакистандық компаниялар қазақстандық компаниялармен байланыс орнату және нығайту мақсатында өз өнімдерімен таныстырады. Көрменің екінші күнінде Пакистанның ең күшті дизайнерлерінің сән көрсетілімі МEGA Alma-Ata сауда орнында, сағ. 18.30-да өтеді. Барлық үш күн бойы, 13 мамырдан 15 мамырға дейін, көрме Алматы қаласының Rixos қонақ-үйінде өтеді. 

Көрме жайлы толық ақпаратты, оның толық бағдарламасын баспасөз конференциясы кезінде ала аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша Әсел Садуоваға,

+7 701 640 71 87, asel.saduova@gmail.com арқылы хабарласыңыз.

 

0 пікір