Сәрсенбі, 29 Қазан 2025
Жаңалықтар 5244 0 пікір 3 Мамыр, 2016 сағат 11:05

Өзбекстандағы Ресей елшілігі "Георгий лентасы" акциясын өткізуде

Ресейдің Тәшкенттегі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Георгий лентасын" елшіліктен тегін алуға болады.

"Акцияның басты мақсаты жаңа ұрпаққа XX ғасырдың ең алапат соғысын қандай құнмен жеңгенін ұмыттырмау", – делінген Тәшкенттегі Ресей елшігілі таратқан хабарламада.

Алайда Өзбекстанда "Георгий лентасы" акциясына деген көзқарас әртүрлі. Өткен жылы Facebook әлеуметтік желісінде "Біз Өзбекстанда Георгий лентасына қарсымыз" деген топ құрылған. Олар бұл лента "Ресей империясының белгісі" болып табылатынын айтқан.

Еске сала кетейік Жеңіс күнінде "Георгий лентасының" тағылуына тек ғана Өзбекстан емес, көрші Қазақстан, Қырғызстанның бірқатар азаматтары да қарсы.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1195
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10708