Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3411 0 пікір 21 Маусым, 2010 сағат 03:21

Сұраған РАХМЕТҰЛЫ: ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ МЕН ҚАЗАҚ ТАҒДЫРЫ БІР…

- Ел рухын көтеріп, халық тарихының  қатпары қалың қалтарыстарына үңіліп  жүрген қадамыңызға Алла ақ жол сыйласын. Енді зіңіз туып-скен, бүгінде өмір  сүріп жатқан Моңғолия еліне оралайықшы. Монғолиядағы қазақтың атамекенге оралуы қалай болып отыр?

-Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы  1940 жылдан бері «ұлттық аймақ» деген мәртебеге ие. Соның әсері болар, ондағы 150 мың қандастарымыз өзінің  қазақы келбетін таза сақтап келеді. 1991  жылы Қазақстанға көштің басын бұрған  да осы қазақтар болатын. Қазіргі ресми есеп бойынша Моңғолиядан Қазақ станға  100 мыңға жуық қазақ оралды. Алайда, Моңғолияда әлі де 120 мың қазақ тірлік  етеді.

Біздің Қазақстанға көшіп келуімізге  моңғол үкіметінің еш кедергісі жоқ. «Нұрлы Көш» бағдарламасы да жүріп  жатыр. Саяси тұрғыдан еркінбіз. Ондағы халықтың хал-ахуалы жаман  емес. Саяси-экономикалық жағынан  ешқандай қысым жоқ.   Өздерінің кәсібін жасап, бүгінгі нарықтық экономиканың  әртүрлі қыр-сырын үйреніп келе жатыр. Кім қалай кәсіп етем десе еркіндік.

- Ел рухын көтеріп, халық тарихының  қатпары қалың қалтарыстарына үңіліп  жүрген қадамыңызға Алла ақ жол сыйласын. Енді зіңіз туып-скен, бүгінде өмір  сүріп жатқан Моңғолия еліне оралайықшы. Монғолиядағы қазақтың атамекенге оралуы қалай болып отыр?

-Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы  1940 жылдан бері «ұлттық аймақ» деген мәртебеге ие. Соның әсері болар, ондағы 150 мың қандастарымыз өзінің  қазақы келбетін таза сақтап келеді. 1991  жылы Қазақстанға көштің басын бұрған  да осы қазақтар болатын. Қазіргі ресми есеп бойынша Моңғолиядан Қазақ станға  100 мыңға жуық қазақ оралды. Алайда, Моңғолияда әлі де 120 мың қазақ тірлік  етеді.

Біздің Қазақстанға көшіп келуімізге  моңғол үкіметінің еш кедергісі жоқ. «Нұрлы Көш» бағдарламасы да жүріп  жатыр. Саяси тұрғыдан еркінбіз. Ондағы халықтың хал-ахуалы жаман  емес. Саяси-экономикалық жағынан  ешқандай қысым жоқ.   Өздерінің кәсібін жасап, бүгінгі нарықтық экономиканың  әртүрлі қыр-сырын үйреніп келе жатыр. Кім қалай кәсіп етем десе еркіндік.

Сондай-ақ сөз еркіндігі бар, бірақ рухани  жұтаңдыққа ұшырауы мүмкін. Сондықтан да келемін деушілердің легі көп. Әрине,  кедергілер де бар. Кедергілер Қазақстан  тарапынан болып жатқан әлеуметтік- саяси кедергілер емес. Мемлекеттік   қызметкерлердің қағаз толтыру, құжат жасау барысында қатаң талап қоюы. Яғни, елім деп келген қандасына жанашырлық  таныта алмайтындығында. Тек шетелден келетін қазақтар ғана емес, жалпы қазақстандықтардың да көп жағдайда осы  қағазбастылықпен жүдеп жүр ген жайы бар. Сөйтіп көп адам өзінің еңбек ету,  білім алу сияқты игілікке жұмсайтын алтын уақытын қағазбастылықтың құрбаны  қылып, өмірі өксумен өтіп жатады.

- Жалпы бұл жолғы Алматыға   келу сапарыңыздың өзі ғылыми  жұмыстар үшін екенін естіп  жатырмыз. Әңгімемізді де осы  тақырыптан бастасақ қалай   дейсіз?

- Әрине, жалпы Қазақстанға  келіп еңбек қорғап жатқан  мен ғана емес, көптеген ұл-  қыздарымызға қанат бітіріп  келе жатқан осы отанның ыстық    құшағы.

Тақырыбыма келер болсам,   Шығыс Түркістан мәселесі  бүгінгі ең ірі мәселелердің бірі. Менің тарих ғылымынан  қорғаған кандидаттық  еңбегімнің тақырыбы «1912 - 1949 жылдар аралығындағы  Моңғолия мен Қытайды мекендеген қазақтардың қоғамдық-саяси өмірінің тарихы». Бұл  бір жақты мәселе емес, үлкен  ауқымды мәселе. Аталған  еңбегімде 1912-1949 жылдар  аралығындағы Моңғолия-  Қытай жеріндегі қазақтарға қатысты делінген барлық саяси оқиғаларды ашып-көрсетуге  тырыстым. Бұл тақырып шын  мәнінде бұрындары да зерттеліп  келген. Көбінесе ресейлік  ғалымдардың зерттеуіне байланысты олар отаршылдық және  таптық деңгейден шыға алмады. Өз мемлекетінің, ұлтының ішкі мүддесінен ұзай алған  жоқ. Ал бізде Ұлықпан Бадауамов бастаған біраз ғалымдар зерттеген екен. Десе де олар да  мемлекеттің қатаң бақылауында  болды, идеялық шеңберде ұсталды. Ендеше осы күрделі  тақырыпқа қалам тарту - біздің  алға қойған міндетіміз бірі болды.

Тақырыптың аясында  көтерілген ең үлкен мәселе - 1940 жылдардың басты  оқиғалары болды. Яғни, 1944  жылдың 5-6 наурызында МХР  маршалы Чойбалсан мен әйгілі  Оспан батыр Сламұлының  кездесуіне кеңінен тоқталдық.

Шындығында бұл халықаралық  деңгейдегі үлкен кездесу еді. Оған КСРО билеушілері тарапынан 5-6 әскери генарал  келіп қатысқан. Чойбалсан мен  Оспанның кездесуі - Шығыс Түркістан республикасының   жаңадан құрылып келе   жатқан құрылымдық мемлекет болуының алдындағы   азаттық үшін майданға шыққан   ұлт күрескерлері мен Кеңес одағының жол-жорығын   ескерген моңғол мемлекеті  басшыларының кездесуі еді.

Сондықтан осы мәселеге үлкен   саяси тұрғыдан, қоғамдық  тұрғыдан баға беру бүгінгі күн тәртібіндегі ірі тақырып   болғандықтан біз осы мәселенің  қыр-сырына жете назар аудардық. Әрине, мемлекеттік  мұрағаттарда сақталып жатқан  көптеген қорлар бар, мәліметтер  бар. Бұлардың бетін толық  аштық деп айта алмаймыз.

Моңғолия мен Қытайды мекендеген қазақтардың басынан  өткен яғни Алтай, Баян лгий,  Қобда аймақтары, Бәйтік- Қаптық маңындағы оқиғаларды  зерттеп, ғылыми айналымға түсіру басты мақсатымыз болды. Десе де қаншама демократия, адам бостандығы бар десек те Қытай тарапының  мұрағатындағы деректерге  қолымыз жетпеді. Сондықтан  да болашақта тек қана 1940-1951  жылдар аралығындағы саяси  оқиғалардың өзі қайта зерттеуді қажет ететін үлкен ғылыми   жұмыс екенін де ескерткіміз   келеді.

- Кандидаттық тақырыбыңызға орай, өзіңіз мір жолын  тереңірек зерттеген Оспан ба-  тырға қандай баға берер едіңіз?

-Оспан батыр өте күрделі  тұлға. Ол елу екі жыл ғұмыр  кешті. Сол елу екі жылының жарымы ат үстінде азаттық үшін   арпалыспен өтті.

Мен жеке азамат ретінде өз  көзқарасымды білдіретін болсам, империялардың қылы- шынан қан тамып тұрған қиын   кезеңде, үлкен мемлекеттердің  арасында көзсіз ерлікке  барып   Ер Жәнібектің ақ туын көтеріп  шығып, Шығыс Түркістанның  азаттығы үшін күресіп кеудесін  оққа төсеуі сол дәуірмен  салыстырғанда қандай қазақтың  да қолынан келмейтін ғажайып   батырлық еді. Бұл ерлікті  халқының бір туар ұлы Оспан  Сламұлы ғана жасай алды.

Бүкіл ғұмырын осы азаттыққа  арнады. Ең бастысы ол қызыл  империяны, қызыл төңкерісті  мойындағысы келмеді. Оның  бұл «мойындамауын» сол кездегі   басылымдар, үлкен-үлкен саяси тұлғалар әр жағынан сынап  жатты. Ал бүгін көз алдымызда не тұр? Оспан армандаған  тәуелсіз қазақ елі - Қазақстан  тұр. Жалғыз Қазақстан ғана  емес қаншама түркі мемлекеті  шаңырақ көтерді. Ендеше   өзіндік геосаясаты, мүддесі,  ірі мемлекеттік бағыты бар  делінген алып елдердің аранына   жұтылып кетпей, ағынға қарсы  жүзген, қызыл  империяның   баянсыздығын баяғыда-ақ сезген, оған қасқая қарсы шапқан  Оспанды үлкен ғұлама, данышпан деп айтуымызға толық негіз   бар. Әрине, ол қазақтың ұлттық  рухына ұран болатын ең мықты,  ең батыр ұлдарының бірі.

Оспанға қатысты айтылар   оқиғалардың ішінде оны хан  көтерген әңгіме сөз болады. Бұл  шын мәнінде хандық таққа отырды дегенді білдірмегенімен,  қазақтың мүддесі үшін халқы  хан көтерген ұлы тұлғаға айналуы еді. Қабанбайды «хан батыр» деп атайтынымыз сияқты   Оспан да қазақтың ең соңғы хан   батыры болып, тарих бетінде  мәңгі   сақталады.

- Ел рухын көтеріп, халық  тарихының қатпары қалың  қалтарыстарына үңіліп жүрген қадамыңызға Алла ақ жол сыйласын. Енді зіңіз туып-өскен,  бүгінде өмір сүріп жатқан   Моңғолия еліне оралайықшы.

Монғолиядағы қазақтың атамекенге оралуы қалай болып отыр?

-Моңғолияның Баян-лгий аймағы 1940 жылдан бері  «ұлттық аймақ» деген мәртебеге ие. Соның әсері болар, ондағы  150 мың қандастарымыз өзінің  қазақы келбетін таза сақтап келеді. 1991 жылы Қазақстанға  көштің басын бұрған да осы  қазақтар болатын. Қазіргі ресми есеп бойынша Моңғолиядан  Қазақ станға 100 мыңға  жуық қазақ оралды. Алайда, Моңғолияда әлі де 120 мың қазақ   тірлік етеді.

Біздің Қазақстанға көшіп  келуімізге моңғол үкіметінің  еш кедергісі жоқ. «Нұрлы Көш» бағдарламасы да жүріп жатыр.  Саяси тұрғыдан еркінбіз. Ондағы  халықтың хал-ахуалы жаман   емес. Саяси-экономикалық  жағынан ешқандай қысым жоқ.  өздерінің кәсібін жасап, бүгінгі  нарықтық экономиканың   әртүрлі қыр-сырын үйреніп  келе жатыр. Кім қалай кәсіп етем десе еркіндік. Сондай- ақ сөз еркіндігі бар, бірақ рухани жұтаңдыққа ұшырауы мүмкін. Сондықтан да келемін   деушілердің легі көп. Әрине,  кедергілер де бар. Кедергілер Қазақстан тарапынан болып жатқан әлеуметтік-саяси  кедергілер емес. Мемлекеттік қызметкерлердің қағаз толтыру,  құжат жасау барысында қатаң талап қоюы. Яғни, елім деп келген  қандасына жанашырлық таныта   алмайтындығында. Тек шетелден келетін қазақтар ғана емес,  жалпы қазақстандықтардың   да көп жағдайда осы   қағазбастылықпен жүдеп жүрген жайы бар. Сөйтіп көп  адам өзінің еңбек ету, білім алу  сияқты игілікке жұмсайтын алтын уақытын қағазбастылықтың  құрбаны қы лып, өмірі өксумен   өтіп жатады.

Ата жұртқа оралғалы отырған елдің ендігі үміті «Нұрлы көште»  болып отыр. Десе де, Көкшетау  жақтан келген жағымсыз  хабарларға қарағанда алдыңғы  барған елдің күйзеліске ұшырап  жатқан түрі бар. Егер мұндай  әңгіме рас болатын болса,  құзырлы органдардың арттағы   елді үркітпей «Нұрлы көшті»   нұрлы қылғаны жөн болар еді.

- Моңғолиядағы қазақ жастарының білім алу жағдайы  және отанына оралу идеясы қай  деңгейде?

- Моңғолиядағы білім саласына келетін болсақ, ондағы  оқушылар әлемдік стандартқа  сай, қазақстандық мектептердегі  үлгі негізінде жалпы 11 жылдық  қазақ мектептерінде білім  алады. Моңғол тілінде сабақ   беретін бірен-саран мектептер  де бар. Жылына 300-ге жуық бала Қазақстанның жоғары оқу  орындарына тапсырып, студент  атанып жатады. Негізі, шетелдегі  қазақтарды қолдайтын арнайы   бағдарлама болуы керек. Бізге  сондай бағдарлама жетпей жатыр. Моңғолияда тұратын те талантты балалар бар, соларды «Болашақ» бағдарламасымен шет мемлекеттерде неге оқытпасқа?!

Келешекте Қазақстанға керек қазақ жастары өздігінен келіп   жатыр. Отаныма үлес қосамын  деп патша көңілмен келіп  жатқан сол жастарға Қазақстан  тарапы қай деңгейде көңіл  бөліп отыр? Оны білмеймін.  Жастардың Қазақстанға келіп  жатқан бұл шоғыры таптырмайтын жас күштер. Ол жақтан  келген балалар Қазақстанның  мектептеріне қабылданып,  оны бітіргеннен кейін қазақ   елінің азаматы болып, ұлы  қазақ даласында тіршілік етіп   кететініне сенемін. Жастардың   келуі - Қазақстанның даму  болашағына үлкен септігін   тигізеді. Жаңа технологияда сол  жастар арқылы келеді. Шетелден елім-жерім деп жастардың  келуі - ертеңгі күні Қазақстан   үшін еңбек ететін мамандар   дайын деген сөз.

Қазақстан тәуелсіздігін  алғанына міне 20 жылдай уақыт  болып қалды, сол  тәуелсіздіктің  дәмін біз де татып жүрген адамдармыз. Тәуелсіздік бүкіл қазақ халқына үлкен еркіндікті берді.

Бір жеңнен қол бір жағадан бас  шығарып отаны үшін еңбектену жер бетіндегі бар қазақтың борышы.

- Қазақстан мен Моңғолия  арасындағы мәдени байланыстар  және атажұрттан ақпар ат алу  жағдайларыңыз қалай болып отыр?

- Кезінде Моңғолия Кеңестер  үкіметінің ықпалында тұрған  кезде Қазақстан бізге рухани жағынан көмектесіп тұрды. Осы  жағынан алғанда Моңғолия  қазақтары Қазақ станға қарыздар  дер едім. Кеңес одағы кезінде  ондағы қа зақтардың эт никалық  үлкен топ ретінде сақталып қалуына Қазақстанның аз  әсері болған жоқ. Баспасөз  бізге толыққанды жетіп, «Жұлдыз» журналы, «Қазақ   әдебиеті», «Қазақстан әйелдері»  сияқты басылымдар мен  қазақ ақын-жазушыларының ьт кітап тарын оқып өстік.

Бү гінгі бір кесапат - қазақ стандық басылымдардың Баян-лгий аймағына толығымен бармауы. Осы мәселенің кілтипанын  шешетін болсақ, қазақ БАҚ-ын толығымен қабылдайтын  болсақ, онда Баян-лгий  жоғары деңгейде Қазақстанның  тыныс-тір ші лігімен танысар еді. Бір қуанарлығы Баян-лгий  қазақтары Қазақстан телеарналарының барлығын дерлік  спутник арқылы көре алады. Бұны Баян-лгий аймағы   әкімшілігі Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің  көмегімен жүзеге асырып  отыр. Қазақстандық телеарналар таратқан ақпаратты кейде   біз мұндағылардан да жақсы  қадағалап отырамыз.

Бұдан сырт Шынжаңның 2  арнасы, Түркияның, Ресейдің  арналары да беріледі. Сонымен  қатар Баян-Өлгийде Интернет   жүйесі өте жақсы дамып келеді. Ауылдағы қазақтардың өзі интернет ұстайтын мүмкіндікке   ие болып отыр. Қазақстандағы барлық ақпарат құралдарының   денін баянөлгийліктер интернет арқылы алып, күндегі тыныс-тіршілігін біліп отырады.

Баян-Өлгийде көпшілікпен  тұрақты түрде дидарласып  тұратын ақпарат құралы - «Баян-Өлгий» радиосы ғана. 1965 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Радио күніне  1 сағат хабар таратады. Әрі  Моңғолиядағы мемлекет  қаржыландыратын бірден-бір  ақпарат құралы. Бірақ бүгінде  Қазақстандағы қазақ радиосымен жүйелі байланыс орната алмай отырмыз. Радиомен  қатар, Ақпарат орталығында  «Жаңа дәуір» газеті мен  «Шұғыла» журналы шығып тұрады. «Жаңа дәуір» 24 бетпен  айына бір рет, «Шұғыла» журналы 4 баспа табақ көлеммен үш айда бір жарық көреді.

Ал, бір-екі жылдан бері осы   ақпарат орталығы жанынан   «Өлгий» телеарнасы ашылды.  Аймақ жұртшылығының ғана  көзайымы бола алатын бұл  телеарна аптасына екі рет екі   сағат хабар таратады.

Өзіміздегі мерзімді  басылымдардың жай- күйі өте жақсы болмаса да  азаматтардың бүгінгі хал-жағдайына, рухани зейнетіне  аз да болса мүмкіншілік жасайды. Осылардың барлығы бүгінгі   БАҚ ішіндегі аз ұлттардың   талабына сай келетін, қазақ  тілінде хабар жүргізетіндігімен   дараланады. Сондықтан осы   БАҚ-тар бүгінгі қазақтардың  тыныс-тіршілігін жақсы   дәлелдеп, дәйектеп көрсетіп  отыр деп ойлаймын. Ондағы  газеттердің қазақстандық газеттермен салыстырғанда аясы тар, бірақ еркіндеу. Еркіндікті ертеден түсінген халықпыз ғой,  сондықтан ондағы қазақтар да  демократияны жақсы біледі.

Бүгінде Қазақстанның БАҚ   саласында жұмыс атқарып  жүрген журналистер тобының ішінде біздің елдің түлектері де   көп.

- Сырт көз сыншы демекші,   Қазақстанның ақпарат құрал дарын күнделікті қада- ғалап, интернет арқылы да  бәрін көріп-біліп отырады  екенсіздер. Жалпы бүгінгі Қазақстаннан көңіліңізге   жақ пайтын қандай одағайлық тар байқалады?

- Тәуелсіз қазақ елінің шаңырағына көз салғанда адамның жүйкесі көтермейтін   істер де жоқ емес. Соның  ең көрнектісі және де ең сорақысы қазақтілінің бүгінгі  мәртебесінің төмендігі дер  едім.

- Бүгінгі қазақ тілінің мәртебесін көтеру - мемлекеттің  мәртебесін көтеруге саятын  қазақ мемлекетінің негізгі  міндеті. Қазақ мемлекеттілігі  қазақ тағдырының үсінде тұр.

Қазақ тағдырын бүгінгі біз  жүйке тамырымыз деп, қазақ  тілін жүрегіміздің тамыры деп  білетін болсақ, сол тамырға жабысып алып әткеншек ойнауға  болмайды. Тамырды үзіп тастауға тіпті де болмайды.

Тамырды үзу - тағдырымызды  құрту.  Қазақ тілі ежелден өміршең  тіл, ең бай тіл. Сол құдіретті   қолымызға ұстап отырып   қадірін білмесек Тәңірдің  қарғысына қаламыз. Осы киелі тілді ары қарай дамыту бүгінгі қазақтардың, таза  қазақтардың негізгі міндеті болуға тиіс. Әрине, қазақ тілін  білмейтін қазақтар да бар.

Бір қарағанда оларға сөгіс те  жоқ. Күнәсі мен кінәсін өткен  ғасырдың «социализміне» «комунизиміне» аудара саламыз. Бірақ, бұл бейшаралық.

Сол адамдардың осыдан ширек ғасырдан кейінгі тағдыры  аянышты. Ойнап-ойнап лақтырып жіберген кішкентай   баланың қуыршағы сияқты  ешкімге керексіз болып  қайда қалаты бір Аллаға ғана   аян. Сол аянышты тағдырлы  адамдарға кінәмен емес, аяушылық сезіммен қарау керек. Бүгінгі мемлеккеттік тілді  білмейтін, білгісі келмейтін қазақтарымның болашақтағы  ауыр халіне қатты өкінемін.

- Тіл туралы айтқаныңызды  құп аламыз. «Бұдан жаман  күнде де тойға барғанбыз» дегендей бұрынғымен   салыстырғанда қаз-қаз тұрып  келе жатқанымызға да тәубе қыламыз. Мешел баладай   болсақ та өз аяғымызбен  жүріп келе жатқанымызға шүкір дейміз. Осы орайда   бүгінгі қазақ журналистикасы жайында не айтар едіңіз?

- Бүгіндері Қазақстанда   қазақ журналистикасын ілгері лететін жігіттердің, яғни   жұр- налшылар армиясының  қатары қалың. Жасап  жатқан әрекеттерінің барлығы құптарлық. Десе  де Қазақстан барлық көршілес елдердегі қазақ журналистеріне қазақ тіліндегі ақ парат құралдарының өзіндік үлгісіне, яғни технологиясына тәрбиелеуі керек деп  ойлаймын. Қазіргі уақытта   Қазақстан әлемнің дамыған   50 елінің құрамына өту  мақсатында жұмыс істеп жатыр. Сол қатарға қосылған   кезде Қазақстан БАҚ-тары  да халықаралық биік өреден көрінуі керек қой.

Қазақ тілді ақпарат құралдары арнайы форумдар өткізіп тұрса, БАҚ жәрмеңкесін жасаса жақсы  болар еді. Бұл мәселеле бір  кезде ауызға алынғанымен  белгісіз себептерге байланысты аяқсыз қалды. Форум   өткізіп барымызды дастархан  үстінде бағамдасақ, қазақ тілді   ақпарат құралдарының өресі  де халықаралық деңгейде өсер  еді. Олай болғанда елдің мәйегі  қалыңдап, рухани жағдайы да   күшті әсерге бөленетіні сөзсіз.

- Сізді көп жұрт ақын,  әдебиетші ретінде таниды.  Бүгінгі әдебиет даму деңгейі қандай?

-Айналамыздағы дүниелерді аңғару үшін ең алдымен  әлемде болып жатқан барлық шығармашылқ ауқымда жасалып жатқан жетістіктердің ең сүбелілерін ұлттық тілімізге аударуымыз керек.

Ұлттық әдебиетімізді да мыту   үшін басқаларға қарап өзін   салмақтай алатын мүмкіндіктер  жасалмай болмайды. Бәсеке   болмай даму мүмкін емес. Шетелдің үздік ақын- жазушыларын жеткізу үшін   мемлекет тарапынан қолдау  көрсетілуі керек. Өйткені  көп іс қаржыға тіреледі. Сонан кейін осы бағытта жұмыс   атқаратын оқу орындары жастарды қандай әдеби бағытқа   бейімдей алады. Міне осының  бәрін министрліктер, әдеби  ошақтар, жазушылар одағы   арнайы қадағалау қажет болады. «Күңгірт» жазатындардың бәріне күмәнмен қарағанша   кейде солардың ішінде жататын «иірімді» табуға талпыну керек. Өзгенің әдебиетінтанып-біліп, өз әдебиетіміздің  өресін солармен теңестірет алсақ, ендігі жерде өз  жетістіктерімізді басқаларға   танытуға талпынғанымыз жөн.

Біздің қалталы азаматтарымыздың бір ақынның ең   таңдаулы өлеңдерін сатып  алып, кітап етіп шығаруына  неге болмайды. Бұл да бір  әдебиетке қосылған үлес болар еді. Бір үй салып бергенше   ең керемет құндылық ретінде   бір ақын, жазушының құнды  еңбегін ағылшын, француз   және де басқа тілдерге аудартып әлемге танытуға неге болмайды. Егер біз солай істегенде  қазақ ақындарының ішінен   Нобель сыйлығын алатындар  шығуы да әбден мүмкін ғой.

Қазіргі әдебиет пен поэзияның кешегі логикамен  тіршілік ететін мүм кін дігі жоқ.  Дәл қазіргі поэ зия лық бағыт  Абайдың, Тыныштықбектердің  бағытымен, әртүрлі жолдарменен кетіп бара жатыр.

Сондықтан кешегі тақпақпен,  бүгінгі үлкен даурықпа   айқаймен немесе жұрттың алдына шығып, кім маған көп  шапалақ ұрады екен деген  бағытпен емес, қазақ поэзиясы әлемдік деңгейге жету үшін  өте мәнді, мағыналы қалыппен   жүруі керек.

Қазақ әдебиетінің бірдебір өкілі күні бүгінге дейін   Нобель сыйлығын ала  алмауының себебі - әдебиетті  құндылық ретінде танымай отырғандығымызда.

Әдебиеттің әлемдік рыногына кіре алмай отырмыз.

Өзімізді өзіміз таныта алмай  қор болып келеміз. Бірнеше  жеңіл-желпі кітаптар мен әңгімелер шығарып қазақ   әдебиеті алға келе жатыр деу  нағыз ессіздік. Құндылыққа ессіздікпен қарауға болмайды. Орыс әдебиеті неге күшті?

Себебі әлем әде биетінің  құндылықтарын сол шыққан  күннен бастап өз тіліне аударумен қатар, өз құн дылықтарын  өзге тілге аударып, оны айналымға са лудан ақша аямайды. Ал қазақ әдебиетінде  марапаттау болмай жатқан  жоқ. Бірақ бәрі орынсыз той- томалақ, құнсыз шапандар мен  өтірік мақ таулар, өлгеннен  кейін ғана орнатылатын қымбат ес керткіштер болып жатады. Бұл әдебиетке жасалған   жақсылық емес, қайта мазақ.

Әдебиетке жақсылық жасаймын деушілер табылып жатса   текедей таңдап, текті ақын- жазушыны тауып пышақтың   қырындай болса да кітабын   шығарып, басқа тілдерге аударып берсе болғаны! Бұдан  үлкен бақыт жоқ.

Сондықтан да сүт нілімен   қалыптасқан қазақ әдебиетін  әлемдік деңгейге көтеру үшін   сау сана керек. Дімкәс санамен ешқашан, ештеңе жасай   алмаймыз.

- Әңгімеміздің соңында   Қазақ мемлекетінің   болашағынан не күтетініңізді  айтса кетсеңіз?

- Қазақ елінің қолында   үлкен алтын бәйтерегі бар.  Оның аты - Тәуелсіздік!  Сол бәйтеректің тұғырын бекемдеу, оны аялап мәпелеп өсіру, Қазақстан мемлекетінің табанының астында тұрып  көк байрағын мәңгілікке   желбірету - міне, бұл бүгінгі  ең үлкен, ең басты мәселе.

Қазақстанда байлық көп, ақша   көп, барлық мүмкіндік бар. Наны тәтті. Заттық дүниеміз   жетерлік. Ендеше Алла берген сол байлықты бағалай білу,  ұрпақ қолына аман-есен аманаттау - біздің буынның мойнында тұрған ауыр жүк. Бүгінгі  күнде қарапайым қазақтардың  ата-бабасынан қалған қасиетті   жерінің үстінде отырып «жетім  бұрыштағыдай» күй кешуіне  болмайды ғой. Қара халық  базарда шілденің ыстығына күйіп, қаңтардың аязына тоңып  тұрып тапқан аз ақшасынан  салық тапсырып нанын зорға  тауып жүрсе, керісінше  мемлекеттік деңгейдегі адамдар ұрлық істеп қара басының  қамымен миллионерге айналып жатса не болғаны! Атадан  қалған Алаштың дәулеті - қазақтың өзінің еншісі. Ешкім  бір жақтан арқалап алып келген  жоқ, арқалап алып кете алмайды да. Халық өз байлығын өзі  игілігіне жұмсамайынша елдің  еңсесі көтерілмейді. Еңсесі  көтерілмеген елден ақсүйектер  емес қара сирақтар ғана туа-ды. Қара сирақтар халықты  басқаруға жарамайды. Қайта  құл болуға дайын тұрады.

Қазақстан өзінің Атазаңына,  қазақ өз республикасына өзі ие  болатын кез жетті.

Мүмкін бұл елдің тағ дыры  туралы саясаткерлер, ғалымдар дегендей «өзге ауылдың балалары» әр түрлі пиғылмен  ұсыныстар айтатын шығар.

Бірақ қазақ жерінің «қара  қобдиының» кілті өз қолында  ғой. «Қайдан құлақ шығарса, қазаншының өз еркі» демеуші  ме еді. Қазақ елі құлдық санадан арылып өзін ақсүйектікпен көрсететін кезге келіп отырған  жоқ па!? Бүгінгідей тамаша  кезең қазақтардың қолына ешқашан келіп көрмеген. Ендеше көк туды желбірете ұстап  жер бетінде еңсемізді тік ұстап жүруіміздің өзі Алла тағаланың  ең үлкен сыйы.

Сондықтан мемлекеттік тараптан - мемлекетшілдік болу,  ұлтшыл болу, отаншыл болу сол мемлекеттің негізгі иелерінің парызы болуға тиіс. Бұл ойлап қана қоятын, ауызда ғана айта салатын нәрсе  емес. Жүзеге асыратын, кезек  күттірмейтін мәселе. Шетте жатқан қазақтар міне осындай   мәселелерге алаңдайды. Баласы атқа мінсе үйіндегі әжесі  тақымын қысатын қазақ баласы  емеспіз бе. Шалғайда отырсақ   та жүрегіміз Қазақстан деп  соғады.

- Әңгімеңізге рахмет. Қазақ  қайда жүрсе де қазақ қой.  Аллатағала бақытымызды көпсін бесін. Моңғолиядағы қандас- тарға қазақ елінен сәлем  айтыңыз. Жолыңыз бол сын!

- Әмин, рахмет. Сіздер де  аман болыңыздар!

 

Сұраған РАХМЕТҰЛЫ, ақын, Моңғолия Жазушылар одағы Баян-Өлгей аймақтық қазақ қаламгерлер кеңесінің төрағасы, «Шұғыла» журналының бас редакторы:

 

Әңгімелескен Ж.ШӘКЕН

"Жас қазақ үні" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377