Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4703 0 пікір 21 Сәуір, 2016 сағат 11:13

ЕРЕВАНДА ӨТКЕН ЕАЭО САММИТІНЕ НАЗАРБАЕВ БАРМАЙ ҚОЙДЫ. НЕГЕ?

Жақында армениялық «ArmenianReport» сайтында журналист Тевос Аршакянның «Ереван Назарбаевтың беделін түсіруде» (түпнұсқадағы тақырып – Ереван «бьет» по самолюбию Назарбаева!) атты мақаласын жариялады.


Онда армян журналисті Таулы Қарабақ жанжалына қатысты Қазақстан Президентінің ұстанып отырған позициясын ашық сынап, Әзірбайжанға бүйрегін бұрып отыр деп айыптады.

«Егер Астана бұдан әрі де Әзірбайжанды қолдайтын болса, Ереван нақты шараларды қолдануы тиіс. Тіпті, Армения мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты үзіп, Қазақстанның Еревандағы өкілетті елшісін елден қуып шығу керек»,  -депті Аркашян өз мақаласында.

Осыдан сәл ертеректе Армения ЕАЭО-дан шыққалы жатқанын мәлімдеген еді. Енді Ереван іс жүзінде одақтастарына осқырынып жатқанға ұқсайды.

Мысалы, жоғарыдағы мақалада ЕАЭО елдерінің (соның ішінде Қазақстан, Беларуся және Арменияның негізгі арқасүйері Ресейдің) соғыс жағдайында Ұжымыдық қауіпсіздік декларациясын бұзып, Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғысқа қатыспай қойғанын  ашық сынаған. Тіпті, ЕАЭО-ға мүшелік еткен бір жылдың ішінде Арменияның экспорты 4,7 пайызға төмендеп, шетелдік инвестиция көлемінің азайғанын айтқан. Соның негізінде Армения Ұлттық кеңесінің депутаты, Хачатур Кокбельян Еуразиялық одақтан шығу туралы бастама көтерген.

Одан әрі автор Армения Сыртқы істер министрінің  Астана мен Минск позициясына қатысты пікірін мысалға келтіре отырып, «одақтастардың» Армениядан сырт айналғанына наразылық білдірген.  

Жақында армениялық БАҚ, елдің солтүстігіндегі Ширак облысына қарасты Арич елді-мекеніндегі жергілікті басқару органы Назарбаев атындағы көшенінің атауын өзгертетінін және аталған ауылдағы Назарбаев мұражайын жабатынын жарыса жазған болатын.

Журналист Аршакянның жазуынша, Армения халқы Қазақстан Президенті Назарбаев пен Беларусия Президенті Лукашенкоға наразы.

«Еуразиялық одақ аясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы декларацияға сәйкес Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабақ соғысында әскери көмек көрсетуден ашық бас тартып, декларацияны өрескел бұзды. Тіпті, Назарбаев пен Лукашенко бұл соғыста Армения Президенті Саргсянға әскер түгілі, моральдік көмек те көрсетуге ниетті емес. Одаққа мүше екі мемлекет басшылары да Әзірбайжан Президенті Әлиев пен Түркия Президенті Ердоғанды қолдайтындықтарын ашық жеткізді»,-деп жазады.

Армян журналисті «Қазақстанның Арменияға енді іші жылымайтыны түсінікті «про-әзірбайжандық» көңіл-күй басым, сондықтан Назарбаевтан ештеңе күтуге болмайды»,  -деп жазыпты ( Однако вряд ли это заставит Казахстан изменить свое отношение к Армении – слишком уж сильны проазербайджанские настроения как в казахстанском руководстве, так и в обществе).

«Еуразиялық экономикалық одақ Президент Назарбаевтың тікелей мұрындық болуымен құрылған одақ екенін ескерсек, Арменияның одақтан шығуы Назарбаевқа үлкен соққы болып тиетіні сөзсіз»,-деп те  жазады Армиян басылымдары.

PS: Таулы Қарабақ жанжалына қатысты Астана Бакудің ұстанымын қолдайды. Өйткені Қазақстан үшін Әзірбайжанның территориялық тұтастығы қымбат. Екі ел арасындағы жер дауын бейбіт және халықаралық заңнамалар шеңберінде шешуді ұсынған Президент Назарбаевқа Ереван наразы. Әзірбайжандарды емес, өздерін қолдауды қалайды.

Жақында Ереванда Еуразиялық экономикалық одақтың кезекті жиыны өтті. Оған Қазақстан Президенті Назарбаев пен Беларусия Президенті Лукашенко қатыспай қойды. Ал Армения Президенті Серж Саргсян Назарбаев пен Лукашенконың үстінен Одақбасы Медведьев мырзаға шағымданды. Ал Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер мәселесін бейбіт шешіп, БҰҰ қабалдаған 4 резолюция негізінде Қарабақты Әзірбайжандарға қайтарып беруді ұсынды. Ал Беларусия «Батькасы» Әзірбайжанға әскери көмек көрсетуге дайын екендігін ашық мәлімдеді.

Армения 2014 жылы ЕАЭО-ға мүшелікке өтер кезде, Президент Назарбаев Армения аннекциялап алған Таулы Қарабақты Әзірбайжандарға қайтарып беру керектігін айтқан еді. Бірақ, ол кезде Кремль қожайынының тізеге басуымен Армения одаққа мүше болып қосылды. Бірақ, Президент Назарбаев Қарабаққа қатысты ұстанымын өзгерткен емес. Өткен аптада болған Еревандағы жиынға Назарбаевтың бармай қоюы соның дәлелі болса керек.

Нұргелді Әбідғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385