Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 11062 0 пікір 14 Сәуір, 2016 сағат 11:35

ТЫРДАЙ ЖАЛАҢАШ ТАТЬЯНА ҮШІН АРЫСТАНБЕК МЫРЗА ТҮСНІКТЕМЕ БЕРДІ

Мәдениет және спорт министрі жалаңаш түскен қазақстандық жеңіл атлет қыздың суретіне түсініктеме берді,- деп жазады stan.kz торабы.


“Менімше ол өзін-өзі көрсеткісі келген сияқты. Егер, мысалы дәл солай Ольга Рыпакова суретке түссе, онда қоғам дүрлігіп қабылдаушы еді. Бірақ, олимпиадаға дайындалып жатқан спортшылардың суретке түсуге уақыттары жоқ. Олар шыны керек қалжырап келіп төсекке құлайды, ал таңертең қайтадан жаттығуға кетеді. Мұндай жалаңаш қыздардың өзін-өзі жарнамалауы, тек назарды өздеріне аударту ғана”, – дейді министр.

Министр, спортшы қыздың өзі қазір дұрыс әрекет жасамағанын түсінген шығар деп атап өтті.

“Бірақ, өз мақсатына жетті: өзінің сұлу денесін көрсеткісі келген шығар, оған тыйым сала алмайсың ғой”, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын қазақстандық жеңіл атлет Татьяна Корбалинаның желіде тыр жалаңаш түскен суреттері жарияланған еді. Татьянаның өзі осылай суретке түсу арқылы, жұрттың назарын жеңіл атлетикаға қарай бұрғым келді деген болатын. Оның өзі спорттық ғұмырын ерте бастағанымен, жарақатына байланысты қол үзіп қалған.

Ал Мәжілістегі спортшы депутат Ольга Шишигина ханым болса, жас атлеттің бастамасын қолдапты. Тіпті, Парламентте спотшылардың мәселесіне өзгелердің назарын аударту үшін, Мәжілісте "шешінуге" бармын депті.

Тағы да бір қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова өзінің әріптесінің бұл әрекетін ерсі деп санайды екен.

Сондай-ақ, Татьянаның тыр жалаңаш суреті палуан Ислам Байрамуковтың ашуын туғызған. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512