Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6957 0 пікір 12 Сәуір, 2016 сағат 07:47

1,7 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРДІҢ ҚҰНЫ ҚАНША?


Қазақтың жерінің жартысы жартылай шөлейтті, және шөлейтті. Атырау, Маңғыстаудан шығысқа қарай Торғайға дейін жосылатын ақшаңдақ жерлер жартылай шөлейтті. Орал, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының да жарымы жартылай шөлейтке жатады. Ырғыздан басталып, сонау Балхашқа барып тірелетін Бетпақдала да шөлейтті жерге жатады. Бұл жерлерді тап қазір ешкім сатып алмас. 

Осы биылғы шілде айында сатылатын екі миллион гектарға жуық құнарлы жерлер егін, жеміс, көкөніс өсіріуге қолайлы жерлер. Яғни, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент облыстарының көкорай шалғыны мол, құнды жерлері. Сатылатын осы «Екі миллион гектарға жуық жердің жалпы көлемін кім біледі?" деген манағы менің сұрағыма ешкім жауап бере алмады. Мәдениет министрі сауатсыз болып жатқан мемлекеттің қарапайым халқынан не сұрауға болады. Қарапайым халық екі миллионға жуық гектар жердің көлемі қанша екенін түсінбей жатыр. Бұл төрт бес облыстың көлеміндей жер. Және ең құнарлы, бидай шығатын, жеміс, көкөніс  өсіре алатын құнарлы жерлері. Ал, енді «әлемдегі мемлекеттердің ішінде миллион гектар жер сататын мемлекет, ел бар ма?» деп сұраңызшы! Жоқ қой, жоқ! Өйткені, әлемдегі кез келген мемлекет бір миллион түгілі, жүз мың гектар жерге зар болып отыр.

Әлемде кішкентай жер телімі үшін соғыс болып жатыр. Мәселен Қытай, Жапония, Корея бүгіндері бір кішкентай арал үшін қырылысқалы жатыр. Ертедегі тарихтан да мысал келтіруге болады. Патшалық Ресей кезінде шамалы ақша үшін Алясканы Америкаға беріп жіберген. Ресей қазір сол жерді триллион ақша берсе де, Америка оны қайтарып бермес еді.

Сондай ақ, Куриль аралдары үшін Жапония жүз миллиондаған доллар берсе де, Ресей Жапонияға ол аралды қайтармауы мүмкін. Айтайын дегенім, жердің құны өте қымбат. Мысалға, Қазақстанның Ұлттық қорында 70 миллиард доллар бар делік. Ұлттық қор осы 70-миллиард долларға Қазақ халқы үшін әлемнің басқа мемлекетінен 1 миллион гектар ЖЕР сатып ала алар ма еді?. Тіпті сонау Оңтүстік Африкадан да, Оңтүстік Америкадан да триллионға жер сатып ала алмас еді! Өйткені, әлемде бізден басқа ондай үлкен көлемде жер сататын мемлекет жоқ! Жер үшін әлемде соғыс болып келді, соғыс болып жатыр. Осындай кезде, дағдарысты сылтау етіп, Қазақ жерінің жартысын жекеге сатып жіберу –  тарихта қайталанбайтын сұмдық! Әрі ҚЫЛМЫС!

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, журналист жазушы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450