ДЕПАРДЬЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫС ІСТЕГІСІ КЕЛЕДІ
Француз кино жұлдызы, актер Жерар депардье ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуінде Қазақстанның опера сахнасына шыққысы келетінін айтты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
“Мен бірнеше рет операда ойнап, оның қойылымдарына қатысқанмын. Қазақстанда классикалық музыканы өте қатты жақсы көреді. Әрі сіздерде де керемет опера әншілері бар. Мен шығармашылық кеңістігі кең жерлерді жақсы көремін, ал ол Қазақстанда бар”, – дейді актер.
Өз кезегінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы да, Жерар Депардьенің қатысуымен болған, Қазақстандық көрермендерге жақсы таныс “Күтпеген махаббат” және “Дала дауысы” атты фильмдердің ел ішінен бөлек шетелде де танымал екенін айтып өтті.
“Бізге сіздің “Күтпеген махаббат” фильмінде ойнаған рөліңіз ұнады. Бұл ауыл бейнесін көрсететін өте жақсы картина. Бұдан бөлек бізде тағы бірнеше шығармашылық жобалар бар. Жерар Депардьенің әр қадамы әлемдік мәдениет пен өнердің тынысының ашылуына зор ықпал етеді. Мен қазақстан-француз шығармашылық серіктестігі одан әрі жалғаса түседі деген сенімдемін”, – деді министр.
Дереккөзі: Stan.kz
Abai.kz