Жұма, 29 Наурыз 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 5463 1 пікір 6 Сәуір, 2016 сағат 14:18

« ХАЛЫҚ МАРКАСЫ» - ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ТАҢДАУЫ

Жақында Астанада қазақстандық тауарлардың «Халық маркасы» атты үлкен сауда-көрме павильоны ашылады. Халық үшін отандық өнімнің сапалылығы мен қолжетімділігін осы «Халық маркасы» павильоны бір жүйеге түсірмек.

 «Халық маркасы» сауда-көрме павильонына тұрақты жұмыс істейтін болады және отандық кәсіпкерлерден өтініш қабылдау басталып та кеткенін айта кетеміз.

«Халық маркасы» таңбасы тұтынушылар таңдауына негізделеді және айқын тұтынушылық бағдарға айналмақ, соның арқасында сапалы қазақстандық өнім импорттан ерекшеленіп тұрады.

Жобаның құрылтайшысы –  «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау жүйесінің федерациясы»  ЗТБ президенті Римма Тәжібаеваның айтуынша, осындай көрме павильонын құрудың бірден бір артықшылығы  – өндірушілер үшін де, қазақстандық тұтынушылар үшін де барынша ыңғайлы нарықтық жағдай жасау. Жобаға қатысуға өтініш беруші отандық компаниялар павильон аумағынан 100 шаршы метрлік тегін орын алады және ең бастысы, халықтың сенімі мен таңдауының белгісі ретінде «Халық маркасы»  таңбасына ие болады. Ол екі жыл бойы жарнамалық мақсаттарда пайдаланылады.

Тұтынушылар болса, өз кезегінде, өнімді ең төменгі үстеме баға – өндірушінің бағасына 3-7 пайыз қосымшамен алу мүмкіндігіне ие болады.  «Соңғы кезде «Қазақстанда жасалған» атты көрмелер мен жәрмеңкелер жиі өткізілетін болды. Алайда, олар өте қысқа мерзімде өтеді. Әлемдік тәжірибе бойынша, дәл осындай тұрақты жұмыс істейтін көрме павильондары брендтің танымалдығын 45%-ға, сатуды ұлғайтуды 57%-ға, ал өнімді экспорттауды 28%-ға көтеруге ықпал етеді. Осыған орай менде аумағы үлкен, 5-тен 25 мың шаршы метрге дейін жететін, тұрақты жұмыс істейтін «Халық маркасы» павильонын құру идеясы пайда болды. Біздің «Халық маркасы» павильоны тек жергілікті халыққа арналған тауарлар мен қызметтерді шоғырландыратын жер ғана емес, сонымен қатар шетелдік қонақтар келетін тамаша орын болады, мұнда олар қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктерімен таныса алады. Мен «Халық маркасы» павильоны еліміздің экспорттық әлеуетін өсіруге қолдау көрсететіне сенімдімін», – деп атап айтты Римма Тәжібаева.

«Халық маркасы» павильонына жеті секция кіреді: бәрі үй және бақша үшін, Қазақстанға саяхат және туризм, балалар саябағы, әйелдер әлемі, фармацевтика, қолөнершілерге арналған саябақ, сондай-ақ азық-түлік өнімдері.

Көрме павильонының ашылуы 16 мамырға жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың наурыз айында Астана және Жамбыл қалаларында «Халық маркасы» дүкендерінің бөлшек саудасы пайда болғаны белгілі. Сәуір айының ортасында Астанада «Халық маркасы» көтерме сауда желісінің ашылуы күтілуде. Барлығы еліміз бойынша 22 желі ашу жоспарланған.

Толық ақпарат:

www.facebook.com/groups/halyk.markasy/

http://halykmarkasy.kz/

 Компанияның қысқаша түйіндемесін мына поштаға жіберуге болады: halykmarkasy.kz@mail.ru

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604