КӨЛГІНОВ МЫРЗА, ХАЛЫҚ ОТБАСЫН "ӘНМЕН" АСЫРАЙ МА?
Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтың жəне БҚО-ның барлық басшылар мен шенеуніктерінің назарына осы хатты ұсынуды жөн санап отырмын.
Құрметті, Алтай Сейдірұлы! Әншілердің Оралға келгені бар жəне келетіні бар, әйтеуір концерт қойғыштар көбейіп кетті, қазір. Көбіне, олар концерт қойса халық үшін емес, өздері үшін қоятынын ұмытып кетіп жатамыз.Содан шығар, біздің облыста халықты, яғни мемлекеттік жəне бюджеттік қызметкерлерді солардың концертіне баруды мəжбүрлейтын жағдаяттар жиі болып тұрады.
Өздеріңіз айтатындай, мынандай қысылтаяң, дағдарыс заманында қызметкерлеріміз 2 мың - 5 мың теңгеге билет алып олардың понограмма дауысын тыңдауға бара ма, əлде жанұясын асырай ма? Билеттерін өткізе алмаса, оған халық кінəлі емес. Халықты жинай алмаса, əншілер əн кешін өткізіп несі бар? Меніңше, "таңдауды билік емес, халықтың өзі жасасын" дейтін уақыт келді.
Кіші шенді әкімқаралар жасанды жолмен залды мəжбүрлеп толтырып, қызметкерлердің қарғысына ұшырағанша, халықпен санасып, ықыласына бөленген дұрыс деп санаймын. Өтірік əнші, жалған дауыс, жасанды шоу жасағанша, өз ар-намыстарын оятқаны жөн деп білемін. Əй деген жасанды дауыстағы əншіні қолдағанша, қарауындағы қызметкерлерден ұялса етті.
Елімізде "әлəулəйім" дейтін əнші бітпес. Оның бəріне мемлекеттік қызметкерлерді мəжбүрлей берсек, халық жанұясын əнмен асырай ма? Ендеше құрметті шенеунік мырзалар, ақшаларың тасып бара жатса 10 билетті қызметкерлеріңе мəжбүрлемей, өзіңіз алып, жағдайы жоқ отбасына таратып беріңіз. Бұл сіздерге сауап болады!
Үндемейді екен деп, халықты басына беруді қою қажет. 45-50 мың теңгемен отбасын асырап жүргендердің обалына қалуға болмайды.
Сөз соңында айтарым, Құрметті Алтай Сейдірұлы! Сіз басқаратын өңірде осындай жағдайлар жиі болып жатады. Ол жағдай қызметкерлердің жанына батып бітті. Сол себептен, аудан əкімдерін жəне облыс басқарма басшыларын жинап жиын өткізген кезде, осы жайтты басшылардың санасына жеткізіп, қызметкерлерді мəжбүрлеуді тоқтатуыңызды өтіне сұраймыз.
Құрметпен: Айболат БУКЕНОВ
Abai.kz