Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Мәйекті 5967 0 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 10:32

МЕМҚЫЗМЕТТІҢ МАЗАҒЫ: БАЯҒЫ ЖАРТАС – СОЛ ЖАРТАС

НЕМЕСЕ АР ТАЗАЛЫҒЫНА НЕ ЖЕТСІН!

Cингапур елінің  көсемі Ли Куан Ю -дің  (көп жыл премьер-министр болған) орыс тіліне аударылған өз кітабында: 
"Ел басқарғанда менің алдымда екі жол тұрды:
1. Отбасым мен туыстарымды байытып, Форбс тізіміне ену.
2. Халқымның жағдайын түзеу. Мен екіншісін таңдадым деген.
Қандай керемет елжандылық, имандылық. Бұл тек оның құр сөзі емес еді. Ли Куан Ю ел тізгінін қолына алған соң  Сингапурде ең алдымен парақорлық пен жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізіп, нəтижесінде аз ғана уақыт ішінде,  қоғамға қауіпті дертті түп-тамырымен жойып жіберген.  Бұл жолда Ли Куан Ю-дің өзі тікелей үлгі көрсетіп, заңды бұзған ең жақын туыстары мен достарын да аямаған. Басқалардан адалдықты, тәртіпті талап ету үшін басшының өзі таза болуы керек, дейді кітабында.  Сондықтан да ол өзі билік басында тұрғанда  барлық жеңілдіктерден, қызметтік көліктен және қызметшілерден бас тартқан. Мұнда кез келген үкімет мүшесі өзіне үй не жер учаскесін премьер-министрдің рұқсатымен ғана ала алады.Экономикада бәрі ашық, кәсіпкерлікпен айналасу барынша оңайлатылған.
Парақорлықтың жолын кесу мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен судьяларға өте жоғары жалақы төленген. Ал, біздің елімізде 25 жыл бойы, сол бір жемқорлық пен парақорлық əлі күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Көбеймесе, азаймағаны анық.  Сыбайластық жемқорлыққа қарсы əр  түрлі заңдар шықса да жəне мемлекет қауіпсіздігіне зиян дертпен күресетін əр салалы қызметтік құрылымдар құрылса да жəне оны  жою үшін ұзақ мерзімді бағдарламалар жасалса да "баяғы жартас-сол жартас" болып отыр. Бізде мемлекеттік қызметкерлер мен судьялардың жалақысын өсірсе де, кейбіреулердің көздері əлі де тоймай халық қазынасына қол салып, мемлекет дамуына кедергі келтіріп отыр.
Бір ғана мысал: 2013 жылы «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған Талғат  Амангелдіұлы  Ермегияевтің айлық жалақысы- бір миллион алты жүз мың теңге (1 600 000 млн) болған. Ақшаға араны тоймаған Т. Ермегияев мемлекет ақшасын ұрлап, нəжижесінде тұтқындалып, қылмыстық іс жүріп жатыр. Құдай сақтасын ауылда күнін əзер көріп отырған адамдар, жұмыссыздар жəне күндері 1 сиыр мен 5 қой мен 5 тауыққа қарап отырған қазағым қалай жүр екен.
Қазақстанның биліктегі басшылары осы Ли Куан Ю-ді өздеріне үлгі тұтып, оның тәжірибеден өткен ізгі ісін елімізге енгізсе ғой шіркін! Онда мықты да қуатты мемлекет болатын едік. Əлемдегі озық  30 елдің  емес, 10 елдің қатарына баяғыда кірер едік. 

Қатауов Талғат Тұрсынғалиұлы. 
Орал қаласы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052