Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 5308 0 пікір 29 Наурыз, 2016 сағат 11:00

ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ: БІРДЕ-БІР ӘКІМ НЕМЕСЕ МИНИСТРДІҢ ТЕАТРҒА БИЛЕТ АЛҒАНЫН КӨРГЕН ЕМЕСПІН

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның халық әртісі, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов театр өнерінің бүгінгі жай-күйін сөз ете келіп, театрға билет алып жатқан бірде-бір әкім немесе министрді көрмегенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Белгілі режиссердің айтуынша, Қазақстанда театр өнеріне екінші сұрыпты өнер ретінде қарайды.

«Осындай жағдай қалыптасып келе жатқан секілді. Мен бірде-бір облыс әкімі немесе министрдің театрға билет алғанын көрген емеспін. Олар «Астана Операға» барады, әрине, мен бұл тамаша театр екенін түсінемін. Бірақ, басқа, мысалы, облыстық театрлар да бар ғой. Шенеуніктер театрдың жан мен рухты тәрбиелейтін орын екенін түйсінген кезде, сол уақытта сіздердің де театр өнеріне көзқарасыңыз өзгереді», - дейді Т.Теменов.

«Өткен жылы Сергей Безруков келген кезде бүкіл баспасөз жазды. Ал бізде ше? Сіздер өздеріңіз театрға бармайсыздар. Театрға бару керек, бұл - адамның жаны тазаратын орын», - деген пікірін білдірді белгілі режиссер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061