ӨЗБЕКСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 31 МИЛЛИОННАН АСТЫ
Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитет Өзбекстан халқының саны 31 миллион 532 мың адамнан асқаны туралы мәлімдеді.
Құзырлы органның мәліметінше, былтыр Өзбекстан халқының саны бір жылда жарты миллионнан астам адамға көбейген.
2014 жылы туғандардың саны 721,5 мың адамды құрады. Былтыр бір жыл ішінде 150,4 мың өлім тіркелген.
Бір жасқа дейін шетінеген сәбилер саны - 7700.
Тәуелсіз бақылаушылар билік орындары айтқан сан шын мәнінде одан да көп екені туралы айтады.
Тәуелсіздік алғалы бері Өзбекстанда толық халық санағы өткен емес. Ең соңғы рет, Өзбекстан халқының саны туралы зерттеу кеңес кезінде, 1989 жылы қолға алынған.
Абай-ақпарат