Бейсенбі, 8 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3182 0 пікір 23 Наурыз, 2016 сағат 10:32

ОШҚА ҮШ МЫҢДАЙ ПОЛИЦЕЙ ЖІБЕРІЛДІ

Қырғызстан ІІМ үш мыңға жуық қызметкерін жергілікті билік орындарын сайлау және үкіметке қарсы жоспарланған наразылық шеруі қарсаңында Ош қаласына жіберді.

Милицияның өңірлік департаментінің өкілі Жеңіс Әшірбаев Орталық Азия жаңалықтары Қызметіне қаланың орталық алаңында тұрған тәртіп сақшыларына екі мың еріктінің қосылғанын хабарлады.

Әшірбаевтың айтуынша, тәртіп сақшыларының Ошта шоғырлануы 27 наурызға белгіленген сайлау алдындағы жоспарланған шара боп табылады. Бұған дейін оппозиция 24 наурызда жаппай қарсылық шарасын өткізетінін мәлімдеген. 22 наурызда елдің оңтүстігіндегі Кербене дейтін басқа қаласындағы оппозицияның жеті жүзге тарта жақтасы өзбек-қырғыз шекарасының даулы бөлігіндегі жанжалды шеше алмағаны үшін билікті сынады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1910
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2472