Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 5069 0 пікір 3 Мамыр, 2016 сағат 12:20

ПУТИН ӘРБІР РЕСЕЙЛІККЕ 1 ГЕКТАРДАН ЖЕР ҮЛЕСТІРІП БЕРДІ

Солтүстіктегі құдайы көршіміздің басшысы Владимир Путин ресейлік әрбір азаматқа елдің қиыр шығысынан 5 жылға тегін пайдалануға ауданы 1 гектарлық жер телімдерін беру туралы заңды мақұлдапты. Бұл туралы РФ Мемлекеттік құқықтық ақпарат органының ресми сайтында жазылған.

Ресейліктерге тегін берілетін мемлекеттік немесе муниципалдық жер телімдері Саха Республикасы (Якутия), Камчатка өңірі, Хабаровск, Примор өлкелері, Амур, Магадан, Сахалин облыстарымен қатар, Еврей және Чукот автономиялық облыстарынан қарастырылмақ.

Үй салу үшін немесе шаруашылықпен не кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер алғысы келетін адам тиісті орындарға арыз жазуы керек.

Заң бойынша, 5 жылдан кейін ол адамнан жерді пайдаланғаны үшін ақы алынуы мүмкін. Пайдаға аспай жатқан жерді мемлекет қайтарып алады.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377