Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4539 0 пікір 22 Наурыз, 2016 сағат 19:12

МӘЖІЛІСТЕН КІМ ҚАНША ОРЫН ИЕЛЕНДІ?

Орталық сайлау комиссиясы 7 пайыздық межеден көп дауыс жинаған үш партия арасында парламент мәжілісіндегі депутаттық мандаттарды бөлу туралы қаулы қабылдады деп хабарлайды Қазақпарат.

Барлық облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтеріне сүйенсек, сайлауда тізімге енген 9 млн 810 мың сайлаушының 7 млн 966 мыңы дауыс берген.

Соның ішінде, «Нұр Отан» партиясы үшін 6 млн 183 мың 757 адам (82,20 пайыз) дауыс берген.

Қазақстанның «Ақ жол» демокартиялық партиясы үшін 540 406 (7,18 пайыз)адам дауыс берген.

«Ауыл» партиясы үшін 151 285 адам (2,01 пайыз) дауыс берген.

Қазақстан коммунистік халық партиясына 537 123 дауыс немесе 7,14 пайыз.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 88 813 адам дауыс (1,18 пайыз) берген.

«Бірлік» саяси партиясына 21 484 (0,29 пайыз) адам дауыс берген.

«Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7 және одан көп пайыз дауысын жинаған үш партия, «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан халық коммунистік партиясы» анықталып отыр. Заңға сәйкес, осы үш партия парламент мәжілісіне өз кандидаттарын ұсынады. Бұл саяси партиялар арасында депутаттық мандаттар келесідей бөлінсін:

«Нұр Отан» партиясына 84 мандат;

«Ақ Жол» партиясына 7 мандат;

Қазақстан халық коммунистік партиясына - 7 мандат", - деп мәлім етті бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында комиссия төрағасы Қуындық Тұрғанқұлов.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан парламент мәжілісіне сайланған депутаттардың аты-жөні де белгілі болды.

ҚХА атынан мәжіліске сайланған депутаттар:

Сауытбек Абдрахманов, Владимир Карпович Божко, Наталья Васильевна Жұмаділдаева, Роман Укенович Ким, Наринэ Гамлетовна Микаелян, Ахмет Сейдарахманович Мурадов, Шаймардан Усаинович Нурумов, Юрий Евгениевич Тимощенко, Шакир Хусаинович Хахазов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443