Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Деп жатыр 10172 0 пікір 18 Наурыз, 2016 сағат 11:51

ЕРКЕ ЕСМАХАН: БІР ОЙЫМ... ДЕПУТАТ БОЛСАМ БА ДЕП ҚОЯМ...

"Алло, алло" деп ән шырқап жүрген қазақ эстрадасының қылықты аруы  Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Мемлекет басшысымен берге түскен суретін жариялап, жұртқа мақтанды. Инстаграмдағы парақшасында әнші Ерке депутат болу ойы да жоқ еместігін жазған.

Ерке әлеуметтік желіде Елбасымен бірге «Жастық. Жігер. Еңбек» жастар форумында түскен фотосын жариялаған. Біріне: «Кеше Елбасымен бірге бір сахнада тұру бақыты бұйырды. Қуанышты бөліссе көбейеді. Осы суретті сіздермен бөлісуге асықтым» десе, екінші бір суретіне: «Осы тұрғанда бір ойым депутат болсам ба екен деп қоям» деген жазба қалдырған.

Abai.kz

0 пікір