Дүниежүзілік банк ҚР-да тұрақты органикалық ластаушыларды жою бойынша зауыттың құрылысына қаржы бөледі – экология министрлігінің басшысы
Астана. 28 маусым. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Дүниежүзілік банк Қазақстанда тұрақты ластаушыларды жою (ТОЛ) бойынша зауыттың құрылысына қаржы бөледі, деді қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов.
«Қазіргі уақытта ғаламдық экологиялық қор Қазақстанда тұрақты органикалық ластаушыларды жою бойынша зауыт құрылысының техника-экономикалық негіздемесін дайындауға $300 мың көлемінде грантты қолдады. Жобаның әкімшісі ретінде Дүниежүзілік барнк зауыттың құрылысына қаржы бөлуді қуаттады», - деді ол дүйсенбі күні парламент депутаттарының сауалдарына жауап беру барысында.
Министр Дүниежүзілік банк зауыт құрылысының жартысын ғана қаржыландырады. «Олар (Банк - КазТАГ) соманың жарты сомасын біз, үкімет мойнына алады деген шартпен зауыт құрылысының 50% қаржыландыруға келісті. Зауыт құрылысының құны жобалық-сметалық құжаттарға (ЖСҚ) байланысты болады, бұл - зауыттың жабдықталуына байланысты 120 - 180 миллион еуро», - деді ол.
Экология министрлігі еліміз ТОЛ бойынша Ресейден кейінгі екінші орында тұрғанын жеткізді. Оларды Германияда арнайы жабдықталған кәсіпорындарда жою үшін Қазақстан үлкен көлемде қаржы бөледі.

«Біз ДБ-мен, таза технологиялар қорымен келіссөз жүргізіп, Қазақстанда ТОЛ қайта өңдеу бойынша өз зауытымызды салуды ұсындық, ТОЛ жоюға 8-12 жыл кетеді. Кейін зауыт жоюды қажет ететін ескі тыңайтқыштарды, дәрі-дәрмектерді, медицинаның түрлі өнімдерін жоятын болады. Яғни, ол үшін жұмыс табылады, бұл шетелге шығарғаннан гөрі арзанырақ болады», - деді Н. Әшімов.