Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4149 0 пікір 13 Наурыз, 2016 сағат 19:56

"БОРАТҚА" ҚАЗАҚСТАНҒА КӨШІП КЕЛУ ҰСЫНЫЛДЫ

Ұлыбританиялық саясаткер әрі экс-парламентарий Остин Митчелл өзінің отандасы, актер Саша Барон Коэнді "бірінші номерлі жау" деп атады, - деп хабарлайды http://kaz.tengrinews.kz The Huffington Post басылымына сілтеме жасап.

Коэннің фильмдері мен ол экранға шығарып жүрген кейіпкерлер Гримсби қаласының лейбористік партия төрағасының ашуын келтірді. Атап айтқанда, Митчелл Борат "бірінші номерлі жау" жайлы фильм Қазақстанның абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, Ұлыбритания жұртшылығының беделін түсірді деп айыптады, экс-парламентарийдің пікірінше, ол қоғамның қолынан "көп нәрсе келеді". Саясаткер Коэннің шығармашылығын қатаң сынға алып, Қазақстанды фильмде сондай ел етіп көрсеткен екен, енді осы елде өмірінің соңына дейін тұруға кеңес берді.

Айта кетейік, Митчелл бірінші кезекте Коэннің "Гримсбилік бауырлар" атты фильмі үшін қатты ызаланды, бұл фильмде оқиға желісі саясаткердің туған қаласында өрбиді. Коэн бұл кинолентада қаланы маскүнемдер тұратын, қоқысқа толы гетто етіп көрсеткен.

Aбай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730