Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3696 0 пікір 11 Наурыз, 2016 сағат 14:48

ОРЫС ФАШИСТЕРІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Ресейдің Новосібір қаласында құпия құрылтай өткізбек болған 120 ұлтшыл ұсталды. Олардың басым бөлігі Кемеров облысы, Алтай және Сібірдің түкпірінен келіпті. Бұл туралы halyknews.kz сайты Лайфньюс басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлтшылдар өткізетін шараны құрылтай деп емес, концерт деп жасырмақ болыпты. Қаладан үлкен үйді жалға алып, жиынды бастай бергенде, арнайы жасақ сау ете қалды. Бөлмелерден заң бойынша тыйым салынған  фашистік белгілер, жалаушалар мен өзге де заттар табылған.

— Бұрынғы «Реструкт» ұлттық социалистік қозғалысы Новосібір бөлімшесінің белсенділері көрші аймақтағы ұжымдардың қатысуымен субмәдениетті музыкалық концерт ұйымдастырды. Онда оңшыл радикалдық идеялар, зорлық—зомбылық, ұлттық өшпенділік насихатталды,— деп хабарлады федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының Новосібір юөлімшесіндегі ресми өкілі Ирина Зеброва.  

Басылымның хабарлауынша, ұлтшылдар Новосібірге ән айтып, би билеу үшін ғана жиналмапты. Жиынның мақсаты түрмеге қамалған ұлтшылдарды сырттан қолдап отыру үшін ақша жинайтын «общак» құрмақ болған екен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478