Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3385 0 пікір 11 Наурыз, 2016 сағат 09:04

ОБАМА ПУТИНГЕ БАҒА БЕРДІ

АҚШ президенті Барак Обама сыртқы саясатқа қатысты "Атлантик" журналына сұхбат беріп, Ресей президенті Владимир Путинге баға берді. Обаманың сөзінше, Ресей Путиннің сыртқы саясаттағы әрекетіне үлкен құнмен жауап беріп отыр.

АҚШ президентімен сұхбаттасу барысында журналист Джеффри Голдберг Обама Владимир Путинді "жағымсыз әрі дөрекі" деп есептейтін секілді деген сезімімен бөлісті. Обама болса, Путинді жағымсыз деп атай алмайтынын жеткізді:

"Шын мәнінде Путин біздің барлық кездесулерімізде әркез өте сыпайы және ашық болады. Біздің кездесулеріміз тек жұмыс бабымен болды. Ол басқаларға жасағандай, мені ешқашан екі сағат күттіріп қойған емес", - деді АҚШ президенті.

Обаманың сөзінше, Путин АҚШ-пенен қарым-қатынасты маңызды деп есептейді:

"Ол адам ретінде, бізбен жұмыс істеуші ретінде, әрқашан бізбен қатар тұруға қызығушылық білдіріп келеді. Путин әрбірден кейін ақымақ емес. Ол шын мәнінде Ресейдің әлемдегі ұстанымының әлсірегенін түсінеді. Оның Қырымды басып алғаны, Асадты қолдауы оны маңызды ойыншы етпейді. Сіз оны осы мәселелерге қатысты күн тәртібіндегі ешбір кездесулерден кездестірмейсіз".

"Путиннің Украинаға жасаған әрекеті оның бақылауын бірден әлсіретті. Ол бұл елге бақылауды сақтап қаламын деп ойлады. Сирияға қатысты да солай ойлады, өзінің елінің берекесін, игілігін құрбан етті. Егер Ресей қазіргі ұстанымы арқылы Украинаға, не Сирияға әскерін кіргізу арқылы құдыретті күш иесі болып отырмын десе, қателеседі әрі бұл мүмкін емес. Ешқашан да күш жұмсау арқылы халықаралық қатынаста құдыретті күшке ие бола алмайсың. Украина дербес, тәуелсіз ел болғанда Ресей әлдеқайда құдыретті болатын" – деп атап өтті АҚШ президенті сұхбатында.

Обама сонымен бірге табысты және көтеріліп келе жатқан Қытайдан көрі, әлсіреген әрі үрейленген Қытайдан қорқу керектігін айтты. Оның сөзінше, әлсіз Ресей де қауіп төндіреді, бірақ Қытайдың деңгейінде емес: "Қытайға қарағанда орыстарда демографиялық, экономикалық проблема бар. Оларды жеңу үшін түсінік ғана емес, тұтас ұрпақтың уақыты керек".

"Путиннің таңдаған жолы бұл үндеулерді әскери күш қолдану арқылы жеңе алмайды. Бірақ Путин осыған жақындау. Сол себептен де, ол бізге еш үрей туғыза алмайды. Оның қауіпін біз бағаламаймыз", - деді Обама.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434