Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 3755 0 пікір 10 Наурыз, 2016 сағат 13:42

ОСК-НЫ СЫНАҒАН СЫЗДЫҚОВА ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАН

Астана қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде тіркелген Бақыт Сыздықованы Астана қаласы бойынша №17 аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар тізімінен шығарып тастады. Бұл жайында экс-депутаттың өзі әлеуметтік желілердің бірінде мәлімдеген.

Сыздықованың айтуынша, оған аталған комиссияның төрайымы Валерия Степнякова телефон арқылы хабарласып, үміткерлер қатарынан шығарылғандығын айтқан. Басты себеп - салықтық декларациядағы сәйкессіздік көрінеді. Алайда, Сыздықованың өзі болса мұнымен келіспейтінін айтып отыр. Бұл туралы "sn.kz" сайты жазады.

"Бұлай болуы мүмкін емес. Өйткені, мен сайлауға құжаттарымды өткізердің алдында декларациямды бірнеше салықтық консультантқа тексерттім, олар ешқандай ауытқушылықтың жоқ екенін айтты. Мені дәл осы декларация бойынша сүріндіретінін біліп, сайлауға әбден дайындалдым. Сондықтан, қалалық сайлау комиссиясына менімен бұлайша "әзілдеспей", мәліметтерді қайта тексеруін талап етемін" дейді Мәжілістің бұрынғы депутаты Б.Сыздықова.

Естеріңізге салайық, бұған дейін елордалық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелген Бақыт Сыздықова мен Аида Жексенова Астана қалалық сайлау комиссиясын сайлау ережелерін бұзды деп айыптаған болатын. Олар ОСК тарапынан сайлауалды жұмыстардың, үгіт-насихаттың да дұрыс өткізілмей отырғанын айтып, аталған комиссияны сынаған еді. Артынша А.Жексенова үміткерлер тізімінен алынып тасталса, бүгін ОСК Бақыт Сыздықованы да саяси науқаннан аластатып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551