Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2878 0 пікір 10 Наурыз, 2016 сағат 09:11

САВЧЕНКО СОТЫ: ПОРОШЕНКО МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Украина президенті Петр Порошенко Надежда Савченконы үйіне қайтару үшін саяси алмасуға дайын екенін білдірді. УНИАН агенттігі хабарлағандай, ол бұл жөнінде Анкарада Түркия президенті Реджеп Эрдоғанмен бірге өткізген баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеген.

"Надежда Савченко — украиналық ұшқыш және офицер туған жерін қорғап, кез келген Украина азаматы істеуге тиіс батырлық жасады. Ол Украинаның Донбасынан күштеп әкетіліп Ресейге жеткізілді және оған жеке басына ешқандай қатысы жоқ қылмыс жасады деп айыптағалы жатыр", - деп мәлімдеді Порошенко.

Украина сыртқы істер министрлігі болса, үкім күшіне шыққанша Савченкоға не дәрігер, не туыстарын жібермеу туралы шешімді Ресей сыртқы саясатының ұятсыз жәбір көрсетуі деп атады.

Алдын Ресей СІМ Сергей Лавров Надежда Савченконың соттағы әрекеттерінен укриналық дәрігерлерді жіберуге мүмкін емес деп мәлімдеген еді. Ол сонымен бірге Савченконың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деді.

Савченконы қорғаушылар керісінше оның денсаулығына алаңдайды. Ол осымен жетінші күн құрғақ аштық жариялап жатыр. Оның адвокаты Николай Полозов Савченкоға үкім шыққанша оны күштеп тамақтандырады не ол аштықтан өліп кетуі мүмкін деп мәлімдеді.

9 наурызда Надежда Савченко Донецк (Ростов облысы) қалалық сотындағы соңғы сөзінде егер үкім бір апта ішінде жарияланса, аштықты тоқтатамын деді. Бірақ сот үкім оқылатын күнді 21-22 наурызға белгіледі. Мемлекеттік айыптаушы оны адам өліміне қатысы бар деп 23 жыл бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Ал бұл уақыта Украина, Латвия, Германия, Италия, Польша және өзге елдерде Ресей билігінен Надежда Савченконы босатуды талап етіп акциялар өтті. Мәскеуде және Петербургте полиция акцияға қатысушыларды ұстап, оларді түрлі әкімшілік жазаға тартты.

Вера Савченко өзінің әпкесін қорғау үшін Надежда отырған тергеу абақтысы орналасқан Новочеркасскіде акция бастағанын жариялады. Бүгін таңертең олар анасы Мария Савченкомен және жақтастарымен абақты есігіне барып, Надежда Савченкомен кездесуді талап етпекші.

Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ вице-президенті Байден, мемлекеттік хатшы Керри және Ресейдің қоғам қайраткерлері Ресей президенті Владимир Путинді Надежда Савченконы босатуға шақырған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404