Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4391 0 пікір 9 Наурыз, 2016 сағат 09:40

ЕУРОПАРЛАМЕНТ ПУТИНГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯ ЕНГІЗУГЕ ШАҚЫРДЫ

Еуроодақтың Еуропарламент депутаттары Украина азаматшасы Надежда Савченкоға қатысты заңсыз әрекеттері үшін Ресей президенті Владимир Путинге және 28 адамға қарсы санкция салуға шақырды.

Аталған мазмұндағы үндеуді 57 депутат Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могериниге жіберді.

Олар санкция тізіміне Путиннен басқа Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортниковты, Мемлекеттік думаның халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы Алексей Пушковты, Тергеу комитетінің жоғары лауазымды қызметкерлерін және өздерін-өздері жариялаған Луган халықтық республикасының лидері Игорь Плотницкийді де енгізуді сұрады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1121
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2657
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 775
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740