Сенбі, 12 Қазан 2024
46 - сөз 7396 0 пікір 1 Наурыз, 2016 сағат 15:47

ҚАЗАҚТАРҒА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ БОЛУЫ КЕРЕК ЕДІ...

Әуел баста "Алғыс айту" күні деген әңгіме шыққанда бұл мереке "Қазақтарға алғыс айту" мерекесі болсын деген едік. БАҚ-та бажайлап жатып, Мемлекет басшысының бастамасын қолдадық. Егер әділеттілік таразысымен өлшейтін болсақ, сұрлауыт соғыс жылдары өз еркінен тыс Қазақстанға депортацияланған этнос өкілдеріне құшағын жайып, жарты табасын бөліп берген қазақ халқы алағай да бұлағай кезеңдерді өткерді. Аталарының аяғының табаны тиіп, ұрпағы осы жерде туылған 130 ұлттың өкілі мемлекетті құрушы ұлтқа, яғни қазақтарға осы үшін де алғыс айтуы керек-ақ, еді әрине.

Бүгін Ассамблея дейтін мылқау әм  мешеу ұйым осы мерекені бас болып тойлауда. Мемлекет басшысының өзі қатысқан Ассамблея жиынында айтылған сөздерден түйгенім – бұл алғыс айту емес, кешірім сұрау күні сықылды. Түркі тектес ұлттарға ортақ Наурыз мерекесінің нобайы байқалады бүгінгі күннен. Ұлтаралық араздықты қоздыру емес, мақсатым. Тек әділдік іздегенім. Жап-жаңа мерекені жалпы жұрт осы бағытта тойлайтын болса, «нұр» үстіне «нұр» болар еді-ау. Әттең... бір кем дүние. Президенттің әуелде пәрмен беріп, осы мерекені ойлап табуының астарында да осы ой жатса керек еді.

Сонымен, 1 наурыз алғыс айту күні ме, әлде алғыс қабылдау күні ме?!

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір