Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 6845 0 пікір 29 Ақпан, 2016 сағат 12:10

ЛИТВА МҰХТАР ӘБІЛӘЗОВТІҢ БАЖАСЫНА БАСПАНА БЕРДІ

Литва миллион доллардан астам ақшаны ұрлап кетті деген күдік таңылып отырған қазақ азаматы — BTA Bank-тің бұрынғы басқарма төрағасы Мұхтар Әбіләзовтің бажасы Сырым Шалабаевқа саяси баспана берді.

Литва порталы аталған қазақ азаматының миллиардер болуы да мүмкін екенін атап көрсетеді,-деп хабарлайды egemen.kz порталы.

Басылымның хабарлауынша, Сырым Шалабаевты өткен жылы жазда «Араса» қызметкерлері Вильнюске келген жерінде қолға түсірген болатын.

Еске сала кетейік, Шалабаев соған дейінгі екі жылдан астам уақыт «Интерполдың» іздеуінде болған.

Ал Қазақстан азаматына босқын мәртебесін беру жөніндегі шешімді көші-қон департаменті қабылдаған. Мұндай шешімге ол 9 айдан астам уақытқа созылған тексеруден кейін келген. Оның мүддесін мұнда адвокат Лаймонас Юдицкас қорғаған. Қорғаушы баспананың қандай жағдайда берілгені туралы айта алмайтынын, себебі, бұл мемлекеттік құпия болып табылатынын, оны тек осындай ақпармен жұмыс жасауға рұқсаты бар қызметкерлер ғана ала алатынын жеткізді.

Енді көші-қон департаменті қабылдаған шешім жуық уақыттарда Вильнюс округтің сотына өткізілуі тиіс. Оны қазақ азаматының экстрадициясына байланысты мәселені қарап жатқан Литва бас прокуратурасы ұсынатын болады. Ал Шалабаевты өздеріне беруді Қазақстан мен Украина сұрап отыр.

Юдицкастың айтуынша, көші-қон департаменті жоғарыдағыдай шешім қабылдамас бұрын Қазақстанда, Украинада, Латвияда, Ұлыбритания мен басқа да елдерде бар мүмкін болған ақпарларды жинап алған.

Бұған дейін Шалабаев 6 жылдай уақыт әлемнің әртүрлі елдерінде тұрып келген. Бірақ солардың бірде-бірінде оны Қазақстан саяси себептермен қуғынға түсіріп келеді, деген сөз айтылмаған.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036