Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6881 0 пікір 24 Ақпан, 2016 сағат 11:04

«ҚАРТТАР ҮЙІНЕ» ҚАЙРАТТАЙ ДЕПУТАТ КЕРЕК

Бұл депутаттықтан үміткерлер тізімін жариялаған кезде бір-бірінен айнымайтын қалаулылардың стандарттық болмысына берген халық бағасы. Әрине олар, Қайрат Нұртасты бұл тізімге қоспайды. Оған деген көпшілік қауымның ықыласы алабөтен. Үміткерлер тізімін жариялағанда жұртты елең еткізген есімдер Қайрат Нұртас, Бауыржан Оспанов, Геннадий Головкин, Серік Сапиеов, Илья Ильин сынды есімдер болды. Бұл жолғы мақаламыздың кейіпкері болып отырған Қайрат Нұртас туралы соңыра тоқталармыз!..

Бауыржан Оспанов «ZHERCU» корпорациясының төрағасы, республика көлемінде халықтың сүйіктісіне айналған азамат. Ел көлемінде өнер мен спортқа сүйеу болып, дарынды ұл-қыздарға демеу беріп келеді. Басқасын айтпаған күннің өзінде Қанат Исламды отанға оралуына ықпал етіп,  бүгінге дейін Америкадағы жарысын ұйымдастырып  жүр. Бұл кісі туралы жұрт жақсы білер деген оймен әңгімені қысқа қайырдым. Біздіңше халық қалаулысы осы азамат болуға әбден ылайық. 

Өткен жылы болар Абай сайтында  «Парламент үйі Бұрхандар мүлгіп отыратын бұтхана емес» деген  мақаланы оқыған едім. Ол, ол ма талайдан бері көтеріліп жүрген тақырыптың бірі –  «Парламент қарттар үйіне айналды» деген қауесет. Әрине, өмір болған соң мінсіз дүние болмақ емес. Демек жемісті ағашқа тас атудан аулақпыз дей тұрғанмен, бұл жерде қоса кететін бір ой қарттар болғанда да жұрттың алдында жүрген Амангелді Айталы, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов, орта және кейінгі буыннан Дос Көшім, Мұрат Әбенов, Жарылқасын Дәулет, Талғат Рысқұлбек сияқты жұрттың жүрек сөзін сөйлейтін тұлғалар мен азаматтар болса қолдар едік. Ал олардың айтып жүргені басқа. Айтпағым әлеуметтік қоғамдағы азаматтың міндеті,  ауызға су толтырып үнсіз отыру емес пайдалы кеңесті халыққа, қоғамға дер кезінде жеткізу.

Ақыры депутаттар туралы сөз болғанан кейін айта кетейін, соңғы кезде оралманнан депутат шығу мәселесі зиялы қауымды екіге жарды... Тіпті оралманның білімдар азаматтарының да пікір қайшылығын туындатты.  Бұл туралы белгілі журналист Қуандық Шамақай өз реакциясын «Азаттық» арнасында ашық айтты. Астанаға телефон жалғап жазушы Бекен Қайраттан сұрағанымызда ол да дұрыс еместігін жеткізді. Жас қаламгерлер де бұл бастаманы қолдамайтынын білдірді.

Сонымен нақты тақырыпқа келсек, жиырмасыншы ғасырдағы Мағжан айтқан жастар жоқ емес. Мақала ағысы спорт пен өнерге таман бұрылғандықтан осы саладағы рухы биік, өз шыңдарын бағындырып келе жатқан екі азаматтың есіміне екпін түсіре атап өтуді жөн көрдік. Бұл екі азаматтың тағдыры бөлек болғанымен тағылымы бір, мекені бөлек болғанмен құндылығы бір болатын. Оларды бір арнаға қосатын жеңімпаз рух, қазақы болымыс. Тамырда ағып, жүректен соққан ізгі қасиет. Өз саласының жалауын желбіреткен Қанат Ислам мен Қайрат Нұртас.

Қанат миллиарттың ішінде кеудесін ізгі ағысқа толтырып атамекенге оралған. Әсілгі мекеніне оралу сәулелі баһадүрлердің ежелгі қағидасы. Олай дейтініміз Қытайдағы керемет атақ пен жағдайын тастап елге оралды. Бейжің олимпиадасында да қарсыласынан әдейі жеңіліп, Бақыт Сәрсекбаевке жол берді. Ол жол беру қазақтың көк туы желбіресін деген дегдарлық еді. Қазақтың намысын өз мәртебесінен әрине жоғары қойғаны түсінікті. Оның туып өскен мекені ежелгі Алтай қазаққа қоныс болған құтты өлке. Ол Қажымұқан, Мұстафа, Әбдісалам сияқты қазақ батырларының жалғасы...

Өткен жылы Қанаттың кезекті жеңісі кезінде әлеуметтік желі қолданушылар оның нақ майданын неге көрсетпейді деп, отандық арналарға өз наразылықтарын білдірген. Мыңдаған сауатты желі қолданушылары «Үндінің бұзауға табынатын сериалын көрсеткенше, ел намысын құрлықта қорғап жүрген перезентін неге көрсетпейді?» деп аузына су толтырып, үн жоқ мылқиып отырған арналарға өз қарсылықтарын білдірген. Реакциялары жеткен болар, жедел сұхбат алып аяқтады. Тақырыпқа  келсек, Қанат пен Қайратты бәсекелестіре айтып отырғанымыз –  болмыстағы құндылықты бағалау. Ортақ түйінді көрсету. Осы арқылы тілсіздікті, ділсіздікті өнер мен өркениет деп бағалап жүрген мол шоғырлы жастарға үлгі ету. 

Салмақтап отырған сөзіміздің ағысы Қайрат Нұртас. Ол қазақ эстрадасында миллиондаған халықты соңынан ерте алған әнші. Бақ пен бап қатар берілген өнер иесі. Халқымызды былай қойғанда өзбек, қырғыз, татар, қытайдағы қазақ, ұйғұр, моңғолдың сүйіп еститін әншісі. Шынымен оның дауысында адам рухының сезімдік пернесін басатын сырлы, сиқырлы саусақтар бар. Ол дауыс Қайратқа ғана тән ерекшелік. Ол әріптестерінен оқ бойы озық тағы бір қыры –  қазақы болмысы. Ұлт өкілі ретіндегі азаматтығы.  Қайрат қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінде ержеткен. Ата-анасы да жақсы тәрбие берумен қатар өз жұмысына табанды болуды үйреткені  бүгінгі жетістігінен көрініс тауып отыр. Қазақ айтады: «Ортаға өнеріңмен емес, мінезіңмен сыясың» деп. Демек оның қоғамға бейімделгіш кішпейілдігі соның айғағы. Бүгінде қазақ әндерінің туын желбіретіп, эстраданың көшін бастап тұр. Оны халық нөмірі бірінші әнші деп баға беріп келеді.

Миллионның жүрегін тербей білген оның әндерінің бәрі хитқа айналған. Қайсы жылы Ресейге барып концерт қойды. Тілі мен ділі басқа өзге халықтарға төрт-бес сағат қазақша әндерді тыңдату оңай талантты керек етпейді. Өзге әріптестерінен оза шауып, өз шыңын бағындырған. Өткен желтоқасанда Астанада бұрын-соңды болмаған шоу концерт өткізіп тыңдарманың назарын шынайы өзіне бұрған. Ресейдің әншілерінің қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Өз феноменін қалыптастыра бастаған оның жетістігі, тынымсыз қаланған кірпіштей жыл сайын биіктеп келеді... Мінберде тілім, ділім деп өзеурей сөйлеген тұлғалар мен атқа мінерлердің отбасында орысша сөйлейтінін көріп күйіндік. Біздіңше, Қайрат бүгінгі жастарды былай қойып, шынайы өмірде әртіс болып шындығын жоғалтқандарға үлгі.

Қайрат туралы айтсақ  бір жолы, бір топ журналист қаумалап Қайраттан орысша сұхбат беруін талап еткенде олардың ұсынысын кері итеріп: «Жоқ мен қазақпын, өз тілімде жауап берем» деп табжылмай отырып алғаны талай тұлғаны бей-жай қалдырмағаны рас. Қайсы бір әншілер сияқты орысша сөйлеуді мәдениет деп білген дүбәраларға Қайрат ұстанымы нақты жауап.  Ана тіліне деген адалдығын көрсетті. Қысқасы құлдық санадан ада, азаматтық қоғамның алдыңғы жасы екенін көрсетті. Біз ойдан қырдан емес, шынайылықты негіз етіп, жастарға үлгі боларлық Қайрат болмысын назарға ұсындық. Демек Қайрат депутаттықа да, әкімдікке де, қайсы орын болса да лайықты.  Қайрат есімі парламентке жол тартар деген сенімдеміз.

Серік Боқан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349