Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3367 0 пікір 25 Шілде, 2016 сағат 13:59

Ереванда қарулы топ полиция көлігін өртеген

Бұл жөнінде билік пен оппозиция арасында араағайындық жасап жүрген парламент депутаты, отставкадағы генерал Виталий Баласанян мәлімдеді. Бірақ соған қарамастан келіссөз жалғасып жатыр.

«Интерфакс» агенттігі өздерін "Сасна црер" деп атайтын қарулы топтың құрамына кіретін «Құрылтай парламенті» оппозициялық ұйымның өкілдері Баласанянмен жұмыс істеуден бас тартып, өздерінің құқығын енді 1990 жылдардағы Қарабақ соғысында Сисиан полкінің қолбасшысы болған Ашот Минасян қорғайды деп мәлімдеді.

Басып алынған ғимарат маңында 24 шілде күні кешкісін "Сасна црер" тобын қолдап, митинг өтті.

Armenpress агенттігі мұның алдында Баласанян қарулы оппозицияны билікке берілуін сұрап мәлімдеме жасағанын хабарлады. Ол бұл жағдайда Армения президенті Серж Саргсян "Құрылтай парламенті" өкілдерімен кездеседі деген. Оппозиция өкілдері болса Жирайр Сефилянды босатып, президенттің отставкасын талап етеді.

Сефилян заңсыз қару-жарақ сақтады деп айыпталып, тұтқынға алынған.

Ереванда 17 шілдеде полиция ғимаратын басып алу кезінде бір офицер қаза тапты. 7 полиция қызметкері кепілдікке алынды. Келіссөз кезінде олардың бәрі босатылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5574