Душанбедегі ЦУМ ғимараты сүріледі
Сәулет және құрылыс жөніндегі комитет төрағасы Жамшед Ахмадзоданың хабарлауынша, Орталық әмбебап дүкенінің (ЦУМ) орнына жаңа көпсалалы биік ғимараттар бой көтереді.
«Қазір бұл ғимарат Президент істерін басқару атқарушы аппаратының құзырына берілді. Қазіргі таңда «Тәжікстан сауда орталығын» қайта қалпына келтіру жобасы дайындалды. Қаланың орталық көшелерін қамтитын осы жоба бойынша, бұл ғимарат болашақта сүріледі», - деді ол 20 шілдеде Душанбеде өткізген баспасөз мәслихатында. Бірақ ғимараттың нақты қашан сүрілетінін шенеунік анықтап айтпады, тек бюджетте қаражат пайда болғанда ғана қиратылатынын ескертумен шектелген.
Душанбедегі орталық әмбебап дүкені 1960 жылы салынған. Үш қабатты ғимарат совет дәуірінен бері Душанбе тұрғындары мен қала қонақтары үшін ең басты сауда орталығы саналып келді. Әмбебап дүкен қызметкерлері ғимаратты 1993 жылы жекешелендіріп алған.
Бірақ, 23 жылдан соң, Тәжікстан басшылығы сауда орталығын қысылтаяу уақытта заңсыз жекешелендіріп алған деп шешті. Үкімет қаулысымен сауда орталығы ел президентінің атқарушы аппараты құзырына берілді.
Абай-ақпарат