ЖАМБЫЛДЫҚТАР КӘСІПКЕРЛЕРІН ОҚЫТУДА
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылындағы шаруа қожалықтарының 15 басшысы агробизнес негіздеріне арналған оқудан өтті.
Кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған оқу дәрістері мен тәжірибе сабақтарын бастады. Ауылшаруашылық субъектілері өсімдік шаруашылығы жаңалықтарын, сондай-ақ агробизнесті тиімді жүргізу негіздерін оқиды.
Шілде мен қыркүйек айлары аралығында Жамбыл облысының өсімдік өсіретін сегіз базалық шаруашылығында бес бағыт бойынша 25 семинар, сонымен қатар мал шаруашылығы бойынша бірқатар семинарлар өтті. Семинарлар өткізу үшін құзыретті сарапшылар тартылады.
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылындағы шаруа қожалықтарының 15 басшысы алғашқы оқудан өтті.
«Жамбыл облысы жағдайында майлы дақылдардың рентабельді өндірісі» семинары тақырыбын сарапшы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақтың жер шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты филиалының директоры Ерлан Кұлкеев ашты.
Тыңдаушыларға ауданда мақсары өсіруді технологиялық және сервистік қолдау, өңдеу технологиясы, егіс айналымы жүйесі егжей-тегжейлі түсіндірілді, өсімдік қорғауға арналған тыңайтқыштар ұсынылды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары басшылары ең алдымен теориялық жағын қызығушылықпен тыңдады, сонан соң «Жайық» ШҚ-ны аралауға шықты, мұнда сарапшы мақсары егістігінде тәжірибеде алынған білімді қалай қолдануға болатынын көрсетті.
«Мақсары қатаң климат жағдайына бейімделген және құрғақшылыққа өте төзімді өсімдіктер қатарына жатады, – деп түсіндіреді Ерлан Кұлкеев. – Мақсары бағалы мақсары майының тұқымдарынан алынып өңделеді, оны ас ретінде де, техникалық мақсаттарға да қолдануға болады. Сонымен қатар протеинге бай құнары жоғары азық болып саналады».
Оның айтуынша, мақсарының жаңа сұрыптарын өңдеудің ылғал қорын сақтайтын технологиясын енгізу ішкі нарықты толықтыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мақсары майы өндірісі көлемін ұлғайтуға жол ашады.
«Қарапайым, қол жетімді, пайдалы, – дейді «Дулати» ШҚ басшысы Нұрғат Жақсылықов. – Біз де мақсары өсірудеміз және бүгін көптеген жаңалық естідік, мысалы, зиянкестер, егу мерзімі жайлы. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы мемлекет тарапынан қолдау мен қаржы күтеді».
Abai.kz