Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қорған 3270 0 пікір 20 Шілде, 2016 сағат 13:47

АМАНДЫҚ БАТТАЛОВ ҚАЗА БОЛҒАН ПОЛИЦЕЙДІҢ ОТБАСЫНА ПӘТЕР БЕРДІ

18 шілде күнгі Алматыда орын алған оқиғада қаза болған полиция сержанты Мақсат Сәлімбаевты жерлеу рәсімі Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында өтті. Оған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысып, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Осы күні Қарақастек ауылында Мақсат Қанағатұлын соңғы сапарға шығарып салуға арналған қаралы митинг өтіп, онда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов лаңкестік әрекеттерді айыптай отырып, қоғамның қауіпсіздігі үшін қызметтік борышын өтеу жолында құрбан болған азаматтардың ерліктері елжандылықтың, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі болатын атап өтті.

«Жас өмірі қыршын кеткен Мақсат тәуелсіз елдің тірегі, қорғаны болды, соның арқасында Мақсат қаншама бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалды. Оның есімі тәуелсіз Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз», - деді облыс әкімі өз сөзінде.

Қарулы шабуыл оқиғасынан кейін Елбасының мемлекеттік органдарға шұғыл тапсырмалар бергенін тілге тиек етіп, соған орай Мақсат Сәлімбаевтың отбасына Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтер беру туралы шешім қабылданғанын айтып, жаңа баспананың кілтін табыстады.

«Әрине, бұл қайғының орнын толтыра алмайды, дегенмен де, орнында бар оңалар деген. Артында қалған балалары, ағайын-туысы, ел-жұрты аман болсын деп тілейміз», - деді сөзінің соңында А. Баталов.

Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Мақсат Исақов, Алматы қалалық Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ғазиз Нұрқаев, Мақсаттың туыстары атынан Мұратхан Жамбылов сөз алды.

Естеріңізге сала кетсек, Мақсат Сәлімбаев Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Әуезов аудандық жол-патрульдік полициясында қызмет атқарған, отбасылы, бір қызы бар. Бір үйдің үлкені, өзінен кейін бауырлары өсіп келеді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627