Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 6067 0 пікір 20 Шілде, 2016 сағат 10:39

Қ.ҚАСЫМОВ: "АЛЛА УӘКБАР" ДЕП АЙҚАЙЛАҒАНДЫ ЕСТІГЕН ЖОҚПЫН"

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ: «АЛЛА УӘКБАР» ДЕП АЙҚАЙЛАҒАНДЫ ЕСТІГЕН ЖОҚПЫН

Алматы қаласында 18 шілде күні болған тосын оқиға барысы алдымен жылдам ақпарат тарататын сайттарда, содан соң іле-шала әлеуметтік желілерде көрініс тапты. Сайттар, әрине, нақты деректерге сүйеніп, салқынқандылық танытты. Бұндайда ел аузындағы сөздің алыпқашты сипат иеленерін білетін жаңа медианың кәсіби журналистері жұртқа мейілінше ашық және анық ақпарат беруге барын салды. Осы ретте Abai.kz ақпараттық порталының контент-редакторы, журналист Нұргелді Әбдіғаниұлының полиция жасағымен бірге жүріп оқиғалар барысын көзден таса етпегенін айтқымыз келеді. Біз ғана емес, тағы бірнеше сайттың журналистері ел ішін алаңдатқан оқиғаны «ойдан шығара» салмай нақты көрген білгендерін жұртқа жеткізді. Бұлай істеу біріншіден, журналистердің кәсіби мінеді. Кәсіби міндеті болғандықтан да баспасөз өкілдері қауіпке бас тігіп «атыс-шабыстың» ортасынан табылды. Айналып келгенде әріптестеріміздің бұл еңбегі аз уақытта нәтиже көрсетті: қоғам дүрлікпей сабасына түсті. Көпшілік Алматыда не болып жатқанын салқын ақылмен сарапқа сала бастады. Және бір айтарлығы: 18 шілде күні түнгі сағат 20.30-да шұғыл брифинг өткізген ІІМ министрі Қасымовтың мәліметтері қазақ сайттарында, телеарналарда тараған ақпараттарды ресмиледі десе болғандай. Алайда, ұшқары пікірге ұрынып, жел сөзге ерік беріп, отқа май құя түскісі келгендер де болды. Тіпті, «пәленбай адамды кепілдікке алыпты», «түгіленбай жерде жарылыс болады екен» дейтін үрейлі қауесеттер де қаулап берді. Неге? Өйткені бәрі жабылып «жалғыз бандының» соңына түскен Ішкі істер органы дер кезінде халыққа дұрыс ақпарат жеткізе алмады. Елбасы кешке қарай Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын шақырған соң барып сөйлеуге, айтуға тиісті тұлғаларға тіл бітті. Соның бірі генарал  Қалмұханбет Қасымов болды. Ал енді кешелі бері Қасымов «интернетте жалған ақпарат таратқандар мен куәгерлердің тексерілмеген сұхбатын жариялаған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды» деп отыр.

Министрдің айтуынша, ол кеше түн ортасына дейін отырып, Алматыда орын алған оқиғалардың бейне және фотожазбаларын түгел қарап шыққан деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мысал ретінде министр атыс кезінде Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің маңында жүрдім деген әйелдің сұхбатын айтып отыр. Ол әйелдің айтуынша, қылмыскер «Алла уәкбар» деп айқайлаған. Айта кетейік, «Трубина» газетінің бұрынғы бас редакторы Алмат Азади де бүгін өзі жазған  материалында қылмыскер «Алла уәкбар» деп айқайлағанын естідім деп жазған.

«Бейнекамераның жазбасында мен ондай ештеңе естіген жоқпын... Бұл барып тұрған өтірік. Және бұл сұхбат интернетке шыққан. Одан кейін супермаркетте халық тұтқынға алынды деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат та интернет арқылы тарады. Біз қазір ол ақпараттарды тексеру үшін адамдарымызды жібердік. Қазір жалған ақпарат таратқан адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғадық және сол блогерлер мен тілшіге адвокат іздей беруге кеңес беремін», - деді Қ.Қасымов.

Ал, белгілі саясаткер Әміржан Қосанов болса, FB-дағы жеке парақшасында «ақпарат таратқандарды емес, алдымен дер кезінде қажетті ақпаратты таратпағандарды жауапқа тарту керек» деп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641