Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 3838 0 пікір 20 Шілде, 2016 сағат 08:29

РЕСЕЙЛІК САРАПШЫ. "ЛАҢКЕСТІКПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСЕМІЗ?"

Cоңғы жылдары  лаңкестік актілер толқыны әлем елдерін шарпуда. Бүгінде жер бетінде өмір сүріп жатқан адамдар 2011 жылдың 11 қыркүйегінде  Америкада орын алған жантүргшігерлік оқиғаларды ұмыта қойған жоқ.   2002 жылдың 23-26 қазанында  біздің елімізде де (Ресей) сұмдық теракт болып,  Дубровкадағаы мәскеулік  Театральный орталығына «Нордост» мюзиклін көруге келген 800 адамды лаңкестер  қамауда ұстады.

Осы екі ірі лаңкестік актілер арасында Жердің әр түкпірінде адамдардың өмірін қиған көлемі  шағын оқиғалар өтіп жатыр.

Бұндай жағдайда әр елдің  үкіметі лаңкестерді айыптайды. Арнайы қызметтер кінәлілердің жазадан құтылмайтынын айтып, сақтандырудың  небір шараларын  қолданады.

Лаңкестікпен күрес жүргізетін халықаралық коалиция да құрылған. Алайда террор  қазіргі күні де азаймай отыр. Керісінше, ол қитұрқылықтың сан қырын көрсетіп, ауқымын асыра түсуде. Көптеген елдердің үкіметі мен арнайы қызметтерін әлдекім асқан шеберлікпен жалған жолға бағыттап отырғандай әсер қалдырады.

Әлемде болып жатқан қаншама  терактілердің нақты ошағы мен басты ұйымдастырушысының шет жағасы туралы жуықта Ресейде айтылып өтті.

23-26 қазанда  лаңкестер   қаншама адамды  кепілге алғанда еліміздің басты телеарналары   түсініктемелер мен сұхбаттар беріп жатты.

Төтенше штаб атынан да ақпарат берілді  және оны Ресейдің  ішкі істер министрінің  орынбасары берді. Шашына ақ кірген, жинақы келген адам әскерилерге тән қалыптан айнымай нық  сөйледі.  Сөздерінде «э-э-э» деген сияқты басы артық паразит-сөздер болған жоқ. Сөйлеген сөздері ойлы және әсерлі болды, яғни, оның ойы тез әрі  нақты жұмыс істейтінін білдіреді. «Біз діни фанаттармен бетпе-бет келіп отырмыз» деген ойды да елден бұрын айтқан сол адам. Көпшілік көрермен бұл сөзге тіпті мән де бермеген шығар. Түсінетін кейбірі үшін, ол «көктен жай түскендей» болғаны анық. Алғаш рет, ішкі істер министрінің орынбасарының өзі лаңкестіктің іргелі негіздерінің бірін  еш бүкпесіз айтып салды.

Терактіден кейін тағы бір ой айтылды. Бұл: «Ислам фундаментализмі». Ислам фундаменталистері иудейлерге және христиандарға, нақтырақ айтсақ, Изрильге, Ресейге және АҚШ-қа қарсы соғыс жариялағаны туралы айтыла бастады.

Діни фанаттармен қалай күресуге болады деген сұрақ туындайды. Сабыр сақтап, жағдайға мұқият үңілуге кеңес берем.

Алдымен  мынаны  анықтап алайық: діни фанатизм тек исламға ғана тән бе, әлде басқа діндерде де бар ма? Әрине, бар. Тарихты еске түсірейікші. Христиандардың қаптаған креш  жорығын еске түсірейік. «Боярыня Морозова» картинасын  еске түсірейік. Қандай да бір діни қағидалар үшін өз  өмірін құрбан  етуге дайын көптеген азап шегушілердің есімдерін еске түсірейік. Өлгеннен кейін олар әулие дәрежесіне көтерілді.

Жалпы алғанда діннің өзі емес, түрлі дінге ендірілген нақты қағидалар адамдарды өз өмірін  тәрк етуге дейін жеткізетіні айдан анық.  Өлім жолын таңдаған діни фанат, керісінше, өмірді тәрк етпейді, керісінше,  шынайы өмірге өтеді-міс.

Бұл қалай жүзеге асады? Дінге сенген адамдардың арасында, мұсылман болсын, христиан болсын, қашанда кез-келген қағидаға берілген бір топтардың ұшырасатыны белгілі. Әрі қарай, оккульттық жоралғылар  арқылы  олардың сенімін  одан әрі күшейте түсіп, фанатизм деңгейіне дейін жеткізуге болады.  Сөйтіп, өзі көре алмайтын, ақыл-ойымен  түсініп-жете  алмайтын дүниеге сенетін биороботты дайындап шығаруға  болады.

Әрі қарай, психиканы мықтап меңгергендер  биороботтың қай тетігін  басуды  біледі және басып  отырады. Әрине, саусағымен баспасы анық. Ол бар болғаны  жарқын өмір үшін құртуы тиісті нысанды ғана  айтады. Биороботтар  жою операциясына дайындыққа өздері  кірісіп,  өздері жүзеге асырады.  Жердегі өз өмірлері маңызды емес. Өйткені, жарқын өмірге өтетіндеріне сенімді ғой.

Жерде емес, әлдеқандай  бір жерде жарқын өмірдің бар екені туралы қағида тұрған кезде, ешқандай да арнайы қызмет пен әскерилер өз өмірін тәрк етуге дайын лаңкестердің көздерін құрта алмайды.

Келесі көріністі елестетіп көрейікші. Алпауыт  мемлекеттердің арнайы қызметтері бірігіп,  бірлесе күш жұмсап, лаңкес  біткеннің бірін қалдырмай көзін жойды делік.  Бұл бірдеңені өзгерте ме? Жаңасы пайда болады. Соларды туындататын қағида тұр ғой.

Сонда, шешімі қандай? Сақтандырудың дәстүрлі шараларын қабылдау қажет, әрине. Сонымен қатар, өзін өлімге байлайтын лаңкестердің жаңа тобын  шығаратын қағиданың кесірі мен қаупін  де жете түсініп, соны жою қажет.

Түсіну! Қазіргі кезде ең маңыздысы осы! Өйтпеген күнде, лаңкестікпен күрес анекдотқа бергісіз күлкілі жәйтке айналады.

Мынандай көріністі елестетіп көрелік. Діни фанат, өлуге даяр лаңкес, ұшақты басып алып, оны қандай да бір елді-мекендегі  маңызды дерлік бір нысанға бағыттайды. Лаңкеспен келіссөздер жүргізеді, оның қандай да бір талабын орындауға әзір екендіктерін  айтады. Бірақ,  діни фанаттың талаптары  - оның нақты мақсаты еместігін келіссөз жүргізушілер пайымдай да алмайды. Оның мақсаты – өмірін қиып, қиялындағы пейіш бағына  бет алу.

Жерден тыс пейіш бағы туралы қағиданың дінге  сене қоймайтын адамдарға да әсері бар.  Бұл қағида  түрлі сенімдегі адамдардың ұжымдық ой-пікірінде де көрініс тауып жатады. Әлденеше мыңдаған жылдар бойына бүкіл адамзатқа қатерлі әсерін тигізуде.

 

***

Қазіргі айтарым, жүзеге аспастай, тіпті,  фантастикалық болып көрінер. Алайда, мәселенің  жалғыз да тез шешімі мынандай болуы мүмкін.

Патриархтар, мүфтийлер, діни бағыттың ақсақалдары, және, ең алдымен, христиандар, католиктер мен мұсылмандар уақыт оздырмай   бастарын қосып, әлемде орын алған жағдайды дұрыс бағалап, өздерінің діни таным-білімдеріндегі өмірлік мәні бар қағидаларды өзгертулері қажет.  Діни фанаттарға адами дүние танымға келуіне  көмектесу қажет. «Жаратқан иеміз әлдебір жерде емес, осында, мына Жерде!» деп бар дауыспен жариялау  керек. 

Ал, егер, діни көшбасшылар жиналмаса ше? Егер олар осылай деп  жарияламаса ше? 

Қорқатын дәнеңесі жоқ. 

Ол орындалып қойған!

Түрлі діни конфессия көшбасшыларының  «Татту-тәтті болайық» дегені ешкімге  шыбын шаққандай әсер етпейді.  Лаңкестікке еш қатысымыз жоқ дегенге  қазір ешкім сенбейді. Түбегейлі тәсілдер  қолдану керек.

Мен айтқандай жиналу мен жаңа қағиданы жариялау орындалмас қиял болып көрінуі мүмкін.  Онда, неліктен осындай қарапайым да нақты әрекеттер орындалмастай көрінеді, сол турасында ойланып көрейікші.

Діни жоғары  дәрежеге жеткен, рухани билік тұрған адамдардың  жәй ғана, өзара келісе  алатындарына неліктен сенбейміз?

Егер, олар келісе алмаса, қарапайым әлеуметтен не күтуге болады?

Егер, олар өздері келісе алмаса, онда ой-пікірі дұрыс қоғам мен үкіметтердің көмегімен жәрдемдесу қажет.

Келісетіндей болу керек! Егер  келісе алмаса, әр жерде бомбалар жарыла бастайды.

Ең дұрысы, адами ақыл-ойдың  сөйлегені.

Жаратушының  жер бетіндегі балаларының ақыл-саналарының сөйлегені...

Владимир Мегренің «Звенящие кедры России» айдарымен шығатын VІІ «Энергия жизни» кітабынан үзінді. 2009 жыл.

Аударған Бақыт Байтыбаева

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5642