Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2960 0 пікір 19 Шілде, 2016 сағат 09:24

Тәжікстанда он шенеунік сотталды

Тәжікстан Жоғарғы соты төрғасының мәлімдеуінше, өткен жылы қыркүйекте Душанбе және Вахдат қалаларында болған бүлікке байланысты құқыққорғау органдарының он шенеунігі түрме жазасын алды. Сотталғандардың бірі жоғары лауазымды қызметте істеген. Бірақ Жоғарғы сот басшысы олардың есімдері мен қызметтерін атаған жоқ.

Тәжікстан Жоғарғы сотының төрағасы Шермухаммади Шохиён 18 шілдеде Душанбе қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзоданың (Ходжи Халим) бүлігіне қатысты қылмыстық істі қарау аяқталғанын мәлімдеді.

Ол «Назарзода бүлігі биліктің әрекетсіздігінен болды» деп мәлімдеді.

2015 жылы 4 қыркүйек күні таңертең Вахдат қаласының ішкі істер бөліміне және Душанбе әуежайы маңындағы милиция кезекшілік пунктіне шабуыл жасалды. Билік бұны Назарзоданың адамдары ұйымдастырған деп есептейді. Сол кезде Назарзода Тәжікстан қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқаратын.

Қылмыстық топқа қарсы операция Рамит шатқалында 12 күнге созылды. Соның салдарынан 14 полиция қызметкері қаза болып, қылмыстық топтың шамамен 30 мүшесі өлтірілді. Осы оқиғадан соң 200-ге жуық адам қамауға алынды және Тәжікстан соты солардың басым бөлігіне жаза белгіледі. Сот процестері жабық өтті, тіпті мемлекеттік БАҚ сот шешімдері туралы хабар таратқан жоқ.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114