Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2189 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 09:41

Қырғызстаннан асырылған миллиондардың ресейлік ізі

Қырғызстанның экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі қаражатты шетелге асырудың заңсыз схемасын ашты. Қызмет мәліметі бойынша, бес жыл бойы екі қырғызстандық Ресейге 170 миллион доллар немесе 11 миллиард 390 мың сом шығарған.

«Екі күдікті ұсталды, біреуі тергеу абақтысында, ал екіншісі үй қамауында отыр. Тергеу 170 миллион доллардың шетелге қандай әдіспен шығарылғанын анықтап жатыр. Ұсталғандардың бірі 2004-2016 жылдары Қаржы министрлігінде жұмыс істеген. Екіншісі соның сыбайласы болған», - деп хабарлады «Азаттыққа» қаржы полициясының баспасөз хатшысы Азамат Шейшеев.

Ұсталғандарға қарсы заңсыз кәсіпкерлік және заңсыз кірісті заңдастыру қылмыстары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметі бойынша, қаражат 2011-2016 жылдар аралығында «Манас» әуежайы арқылы Ресейге шығарылып отырған. Қылмыстық схемаға бірқатар коммерциялық банктердің де қатысы болуы мүмкін.

Күдіктілердің есімдері тергеуге кедергі болмас үшін аталмай отыр. Бірақ Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Гүлмира Туголбаева күдіктілердің бірінің министрліктегі жұмыстан кеткеніне жарты жыл болғанын айтқан.

«Егер ол қазір осында жұмыс істеп жүрген болса, біз оның әрекетін өзіміз тергейтін едік. Қаржы полициясы оның 2016 жылдың қаңтарына дейінгі әрекеттерін ғана тергейді», - деді Туголбаева. Ресей асырылып келген қаражаттың көзі әзірге белгісіз. Заңсыз жолмен келген ақшаны шетелден Қырғызстан арқылы өткізген деген болжам бар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5691